Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары
«Таза Қазақстан» акциясы Іледе жалғасуда

Іле ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Аудан әкімдігі ұйымдастырған бұл шаралар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Кезекті тазалық акциясына Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов қатысып, тұрғындармен бірге абаттандыру жұмыстарына атсалысты.
Жыл басынан бері бірнеше рет өткізілген сенбіліктер мен экологиялық акциялар аудан тұрғындарын біріктіріп, табиғатты қорғау ісіне жұмылдыруда. Алдағы уақытта да жоспарға сәйкес мұндай игі бастамалар жалғасын табатын болады, бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға оң әсер етеді.



