Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Іле тынысы тазалықпен жаңаруда

Іле ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Аудан әкімдігі ұйымдастырған бұл шаралар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Жыл басынан бері бірнеше рет өткізілген сенбіліктер мен экологиялық акциялар аудан тұрғындарын біріктіріп, табиғатты қорғау ісіне жұмылдыруда. Бұл шараларға мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары, коммуналдық қызметтер және өзге де барлық бөлімдер белсенді түрде қатысуда.

Тазалық жұмыстары барысында елді мекендер аумағы, қоғамдық орындар мен аулалар ретке келтіріліп, жол жиектері тазаланды. Сонымен қатар, жол бойындағы ту орнатылған аумақтар да назардан тыс қалмай, айналасы толықтай жиналып, көркейтілді. Аталған жұмыстар ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға ықпал етуде. Тазалық пен тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені тағы бір мәрте айқындалды.

Алдағы уақытта да жоспарға сәйкес мұндай игі бастамалар жалғасын тауып, Іле ауданының экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесін қоса бермек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button