Без рубрики

«Таза ел – жарқын болашақтың кепілі»

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып, әрбір азаматты табиғатты қорғауға үндейтін маңызды бастама. Осындай игі шаралар арқылы біз табиғатты сақтап қана қоймай, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырамыз.

Туған жердің тазалығы – тек коммуналдық қызметтің емес, барша тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Әрбір аула мен көше таза болса, ол біздің бірлігіміз бен елге деген құрметіміздің айқын көрінісі.

Осыған орай, Ащыбұлақ ауылдық округінің тұрғындарын 18 сәуір күні орталық алаңда өтетін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз. Бірге атсалысып, ауылымызды таза әрі көркем етейік!

Гейдар Гамзе

Аудандық мәслихат депутаты

Басқа жаңалықтар

Back to top button