«Тазалық – ұлт келешегінің айнасы»

Табиғатты аялау – әр адамның азаматтық парызы. «Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны қорғап, елді мекендерді көркейтуге бағытталған маңызды қадам. Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, туған жерге деген жанашырлық сезімін күшейтеді.
Таза орта – денсаулықтың, берекелі өмірдің кепілі. Әрбір тал отырғызу, әрбір тазаланған аумақ – болашақ ұрпақ үшін жасалған игі іс. Сондықтан тазалықты сақтау тек бір күндік жұмыс емес, ол – күнделікті дағдыға айналуы тиіс.
Осыған орай, барша Өтеген батыр ауылының тұрғындарын алдағы Өтеген батыр ауылында өтетін «Таза Қазақстан» экологиялық науқанына белсенді қатысуға шақырамыз. Бірге жұмылып, туған жерімізді таза әрі көркем етейік!
Сатибаев А. Қ.
”Amanat” партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы



