Облыстық Төлеген Айбергенов оқулары Екпінді ауылы, «Төлеген Айбергенов атындағы №48 орта мектебі» шаңырағында жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Бұл тағылымды байқаудың мақсаты- жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту, көркем сөз өнерін жетілдіру және ақын мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді. Облыстың әр ауданынан келген 60 оқушы қатысып, өзара бақ сынады.
Байқау 5 бағыт бойынша өткізіліп, қатысушылар мәнерлеп оқу, ән орындау, арнау жазу, эссе жазу және бейнелеу өнері салаларында өз өнерлерін көрсетті.
Әр бағыт бойынша жүлделі орын алған оқушылар өздерінің жоғары дайындықтарын дәлелдеп, ерекше көзге түсті. Олар тиісті дәрежеде марапатталып, өңірлерінің намысын абыроймен қорғады.
«Өнер – таусылмас қазына» дегендей, байқау барысында оқушылардың шығармашылық ізденісі, сахна мәдениеті мен өнерге деген сүйіспеншілігі айқын байқалды.
Жас дарындардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол. «Білім мен өнер – өмірдің қос қанаты» демекші, талапты жастарға толағай табыс тілейміз! 🌟



