Без рубрики
«Batamenen el kogerer» атты аудандық байқауы өтті

Бүгін Өтеген батыр ауылындағы Н.Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінде Алматы облысының бекіткен желілік кестесіне сәйкес, «Адал азамат» жобасы аясында «Batamenen el kogerer» атты аудандық байқауы өткізілді. Шараның мақсаты-ұлтымыздың ұлы құндылықтарын дәріптеу, кейінгі жастарға осы дәстүрді жаңғыртып, аларды имандылыққа тәрбиелеу болып табылады. 3 бөлімнен тұратын байқауда ақсақалдарымыз әр тақырыпта бата беріп, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұлттық құндылығымызды дәріптеді. Жеңімпаздар арнайы демеушілердің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.



