Іледе волейболдан ашық турнир өтті

Алматы облысы Іле ауданының Байсерке ауылында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай волейболдан турнир өтті.
«Бүгінгі турнирге 10 команда, 100-ге жуық спортшы қатысуда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде бұқаралық спортты дамыту бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл бағыт «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен партиялық жобаларында да көрініс тапқан. Жарысқа қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тілеймін», – деді турнирдің ашылуында «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы Алмасбек Сатибаев.
Спорттық шара «AMANAT» партиясының қолдауымен және Іле ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен өтті. Турнирге аудандық партия филиалының өкілдері, спорт саласының мамандары, «Ащыбұлақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Гамзе Гейдаров, ауыл ардагерлері мен спортшылар қатысты.
Жарыс барысында командалар өзара тартысты ойын көрсетіп, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін танытты.
Турнир қорытындысы бойынша І орынды «Ащыбұлақ» БПҰ командасы, ІІ орынды «Энергетик» БПҰ командасы, ІІІ орынды «Байсерке» БПҰ командасы иеленді.



