Без рубрики

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА ЕРЕКШЕ СЕНБІЛІК ӨТЕДІ

14 мамыр күні Іле ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілікұйымдастырылады.

Бұл жолғы шараның ерекшелігітазалық жұмыстарыаудан аумағын қамтып қана қоймай, жалғызбастызейнеткердің үйінде де өтеді. Аудан жастары мен волонтерлері Байсерке ауылында тұратын Валентина Васильевнаның ауласын толық тазалап, сырлау жәнеабаттандыру жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ, Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетоверіктілермен бірге аулаға көшет отырғызады.

Валентина Антипова 1952 жылы Алматы облысы Талғарауданындағы Қызылту ауылында дүниеге келген. Ұзақ жылеңбек еткен кейуана бүгінде жалғыз тұрады. 2020 жылданбері арнайы әлеуметтік қызмет алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның бастымақсаты — тек тазалық сақтау емес, қоғамдағы қамқорлықпен жанашырлық мәдениетін қалыптастыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button