Без рубрики

«Әділет» штабы «ПК ВЕКТОР» ұжымына сайлауалды бағдарламасын таныстырды

«Әділет» партиясының Алматы облыстық сайлауалды штабы Іле ауданының Асқар Тоқпанов ауылындағы «ПК ВЕКТОР» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.

Жиында партияның еңбек адамдарына, отандық кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарын ашуға қатысты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында 2031 жылға қарай елімізде кемінде 1 миллион сапалы әрі тұрақты жұмыс орнын құру бастамасы қамтылған. Бағдарламаға сәйкес, еңбекақы өңірдегі медианалық жалақыдан төмен болмауға, ал әр қызметкер толық әлеуметтік пакетпен және қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз етілуге тиіс.

Сондай-ақ ресми еңбек шартынсыз жұмыс істеуге, «көлеңкелі» жалақы төлеуге және жалған жұмысқа орналастыруға жол бермеу көзделген. Қызметкерлердің құқығын қорғау үшін еңбек қатынастарына цифрлық бақылау енгізу ұсынылады.

Партияның сайлауалды бағдарламасында жұмыс орындарын ашып, ел ішінде өнім шығарып отырған кәсіпкерлерге арнайы қолдау мен жеңілдетілген қаржыландыру көрсету мәселелері де қамтылған. Мемлекеттік қолдау кәсіпорынның өндіріс көлеміне, қызметкерлер табысына және әлеуметтік жағдайына қарай көрсетілмек.

Кездесу соңында «ПК ВЕКТОР» қызметкерлері бағдарламада көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button