№7 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу өтті

Өтеген батыр ауылындағы №7 орта мектепте педагогикалық ұжыммен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық және Іле аудандық сайлауалды штабтарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында білім беру саласын дамыту, әлеуметтік мәселелер, өңірдің өзекті бағыттары және оларды шешуге қатысты ұсыныстар сөз болды. Сонымен қатар білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, педагогтер өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу соңында мұндай ашық форматтағы жүздесулер өзара пікір алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және түрлі ұсыныстарды тыңдауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.



