Без рубрики

№38 мектеп-гимназияның педагогикалық ұжымымен кездесу өтті

 

Өтеген батыр ауылындағы №38 мектеп-гимназияда педагогикалық ұжыммен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Іле аудандық сайлауалды штабтың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіз орта қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын сақтау, дұрыс тамақтану мәдениетін дамыту, дене белсенділігін арттыру және мектепке қатынау қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мектеп инфрақұрылымын жетілдіру, қоғамдық кеңістіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы ұсыныстар сөз болды.

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, педагогтер балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

Кездесу соңында білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған мұндай кездесулердің өзара тәжірибе алмасуға және ұсыныстарды тыңдауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button