АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ САПАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының өкілдері М.Түймебаев ауылындағы №19 орта мектептің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру, білікті педагог мамандарды тарту, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету және оқушылардың заманауи білім алуына қажетті жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Жүздесуде ауылдық жерлердегі білім беру ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету, шағын жинақты мектептерге әдістемелік көмек көрсету және педагогтердің кәсіби дамуына мүмкіндік жасау мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар ауыл оқушыларының ағылшын тілін меңгеру мүмкіндігін кеңейту, еріктілер мен онлайн тәлімгерлерді, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін білім беру бастамаларына тарту жөнінде пікір алмасты.
Математика мен физиканы оқыту сапасын арттыру, оқушылардың техникалық және инженерлік бағыттарға қызығушылығын қалыптастыру, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жетілдіру мәселелері де сөз болды.
Кездесу соңында мектеп ұжымы ауылдық білім беру жүйесін дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, педагогтерді толғандыратын бірқатар мәселелерді көтерді.



