«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ «ВОЛКОВГЕОЛОГИЯ» АҚ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Іле ауданында «Әділет» партиясының өкілдері «Волковгеология» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жүздесу барысында тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқаты, жұмыспен қамту, еңбек жағдайы, тұрғын үй және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.
Кездесуге Мақсат Сейдалиев, Нұрлан Шорманов және Гульжан Байкан қатысып, кәсіпорын қызметкерлерімен ашық форматта пікір алмасты. Еңбек ұжымы күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелерді көтеріп, әлеуметтік және еңбек саласына қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Жиында азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуда тұрақты жұмыспен қамту, лайықты еңбекақы және баспанаға қолжетімділік мәселелерінің маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар өндіріс орындарындағы еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері сөз болды.
Кездесу барысында азық-түлік қауіпсіздігіне де назар аударылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуді дамыту, ішкі нарықтағы отандық өнім үлесін арттыру, өндірістік әлеуетті күшейту және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде пікір алмасылды.
«Волковгеология» АҚ қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кездесуге қатысушылар көтерілген мәселелерді талқылап, еңбек ұжымдарының пікірін тыңдау мен ашық диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу еңбек саласындағы және қоғамдағы өзекті мәселелерді тікелей талқылауға, қызметкерлердің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдауға мүмкіндік берді.



