№29 МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН БІЛІМ САПАСЫ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының облыстық және Іле аудандық штабының өкілдері Көкқайнар ауылындағы №29 орта мектептің еңбек ұжымымен кездесті. Жүздесу барысында білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуы, ауыл жастарын қолдау және елді мекен инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Кездесуде білім беру саласына қатысты бірқатар ұсыныстар таныстырылып, заманауи білім беру инфрақұрылымын дамыту, цифрлық технологияларды енгізу, балалардың сапалы білім алуына және қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне жағдай жасау мәселелері сөз болды.
Баян Топарқызы ауылдық жерлердегі адами капиталды дамытуға ерекше назар аударып, сапалы білім мен кәсіби дағдылардың еңбек нарығындағы маңызына тоқталды.
– Ауылдың ең үлкен капиталы – адам. Сондықтан әр азаматтың тұрғылықты жеріне немесе өмір жағдайына қарамастан өз қабілеті мен әлеуетін дамытуына мүмкіндік болуы маңызды. Қазіргі таңда кәсіптер мен еңбек нарығының талаптары жылдам өзгеріп келеді. Осыған байланысты жаңа білім мен дағдыларды үздіксіз меңгерудің маңызы артып отыр, – деді Баян Топарқызы.
Сонымен қатар кездесуде оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз әрі қолайлы ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға қатысты бастамалар туралы ақпарат берілді.
Штаб өкілдері өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ауылдық жерлердегі инфрақұрылымның жағдайы тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. Осы ретте инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, білім беру ұйымдарының жағдайын жақсарту және жастардың ауылда білім алып, еңбек етуіне мүмкіндік жасау мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында №29 орта мектептің ұжымы білім беру сапасын арттыру, педагогтерге қажетті жағдай жасау және ауылдың инженерлік инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Жүздесу тараптардың білім беру мен ауылды дамытуға қатысты мәселелер бойынша ашық пікір алмасуымен қорытындыланды.



