Без рубрики

«ӘДІЛЕТ» ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

«Әділет» партиясының жылжымалы штабы Іле ауданындағы «Арбат» саябағында тұрғындармен кездесу өткізді. Жүздесу барысында тұрғын үй, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.

Кездесуге облыстық штаб өкілдері Гульжан Байкан мен Рауан Бұғыбаев қатысып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ азаматтарға партия бағдарламасында тұрғын үйдің қолжетімділігі, жаңа жұмыс орындарын құру және еңбек жағдайларын жақсартуға қатысты қарастырылған ұсыныстар туралы ақпарат берілді.

Тұрғын үй мәселесін талқылау барысында баспананың қолжетімділігін арттыру, тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңарту, апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру, сондай-ақ проблемалы үлестік құрылыс нысандарына қатысты мәселелер сөз болды.

Жұмыспен қамту бағытында жаңа жұмыс орындарын ашу, ресми еңбек қатынастарын қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру және қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін сақтау мәселелеріне назар аударылды.

Гульжан Байкан тұрғындармен пікір алмасу барысында халықтың тұрмыс сапасы мен еңбек адамының құқықтарын қорғауға қатысты мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Кездесуде экономиканы әртараптандыру, отандық өндірісті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл мен қала арасындағы инфрақұрылымдық айырмашылықты азайту мәселелері де талқыланды. Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және жастарға арналған мүмкіндіктер туралы пікір алмасылды.

Ашық форматтағы кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Штаб өкілдері қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button