Без рубрики

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

«Әділет» партиясының өкілдері Асқар Тоқпанов ауылындағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығының ұжымымен кездесті. Жиынға Құрылтай депутаттығына үміткер Қазбек Дауталиев және штаб мүшелері қатысты.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласының қазіргі жағдайы мен оны дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, медицина мамандарының еңбек жағдайын жақсарту, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту және білікті кадрлар даярлау мәселелеріне назар аударылды.

Қазбек Дауталиев денсаулық сақтау саласының халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

– Денсаулық сақтау – кез келген қоғамның әл-ауқатын айқындайтын негізгі салалардың бірі. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтумен қатар, білікті кадрларды даярлау мен медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайына ерекше көңіл бөлу қажет. Дәрігерлер мен орта буын медицина мамандарының кәсіби қызметіне тиісті жағдай жасау медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді, – деді Қазбек Дауталиев.

Жүздесу барысында алғашқы медициналық-санитариялық көмектің маңызы, тұрғындарға көрсетілетін қызметтің қолжетімділігі, заманауи медициналық жабдықтарды пайдалану және медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері де сөз болды.

Медициналық орталық қызметкерлері күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелерді ортаға салып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қатысушылар медицина мамандарына қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыру мен халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жетілдіруге қатысты пікір алмасты.

Кездесу соңында денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуда мемлекеттік органдар, медициналық ұйымдар және қоғам арасындағы өзара байланыстың маңызы атап өтілді. Жиын медицина саласының өкілдері мен «Әділет» партиясы өкілдері арасындағы ашық пікір алмасу форматында өтті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button