№15 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Боралдай кентіндегі Кенен Әзірбаев атындағы №15 орта мектепте білім беру саласының өзекті мәселелеріне арналған кездесу өтті. Жиынға «Әділет» партиясының Алматы облыстық және Іле аудандық штабының өкілдері, сондай-ақ мектептің педагогикалық ұжымы қатысты.
Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, жастардың сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және білім беру ұйымдарын цифрландыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жұмысын дамыту, оқушылардың жан-жақты қалыптасуына қолайлы орта құру және білім беру жүйесін заман талабына сай жетілдіру жөнінде пікір алмасу өтті.
Жиында ұстаздардың өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбегіне ерекше назар аударылды. Педагогтердің жас буынның зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы және ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі рөлі сөз болды.
Кездесу соңында педагогтер білім беру саласына қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстарды талқылады.



