Без рубрики

Жаңа Конституция – маңызды қадам

Жаңа Конституцияның қабылдануы – еліміздің құқықтық және саяси дамуындағы маңызды кезең. 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда азаматтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады.

Меніңше, Ата Заңның жаңаруы ең алдымен азаматтардың құқықтары мен мемлекет алдындағы міндеттерін терең түсінуге себеп болуы тиіс. Конституцияда адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретінде белгіленген.

Жаңа құжаттың мазмұнын білу тек заңгерлерге немесе мемлекеттік қызметшілерге қажет емес. Әр азамат өз құқықтары мен жауапкершілігін білгені дұрыс. Өйткені заңды құрметтеу қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықтың негізін қалыптастырады.

Жаңа Конституцияны қабылдау – белгілі бір өзгерістердің бастауы ғана. Ең маңыздысы – оның нормаларын өмірде жүзеге асыру және заң талаптарын қоғам болып сақтау. Бұл бағыттағы нәтижелер әр азаматтың құқықтық сауаттылығы мен жауапкершілігіне де байланысты деп ойлаймын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button