Без рубрики

АҚСАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ақсай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда «Әділет» партиясының сайлауалды штабы өкілдерінің медицина қызметкерлерімен кездесуі өтті. Жүздесу барысында партияның алдағы бес жылға арналған «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасындағы денсаулық сақтау саласына қатысты бағыттар таныстырылды.

Кездесуде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту және ауылдық жерлердегі медициналық инфрақұрылымды дамыту мәселелері сөз болды.

Партия бағдарламасында аурудың алдын алу мен ерте диагностикалауға басымдық беру, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және медицина мамандарының әлеуметтік-құқықтық қорғалуын күшейту бағыттары қамтылғаны айтылды.

Сондай-ақ ауыл мен қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасындағы айырмашылықты азайту мәселесіне назар аударылды.

Амбулатория қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ауылдағы денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстарын білдірді. Кездесу барысында медицина қызметкерлері мен партия өкілдері арасында ашық пікір алмасу өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button