Без рубрики

«Әділет» партиясы Іле ауданындағы еңбек ұжымдарымен кездесті

«Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабы аудан орталығындағы ветеринариялық станция ұжымымен кездесу өткізді.

Жүздесу барысында ауыл шаруашылығы мен ветеринария саласының өзекті мәселелері талқыланды. Мал шаруашылығын қолдау, ветеринариялық қызмет сапасын арттыру, ауыл еңбеккерлері үшін қолайлы жағдай қалыптастыру және ауылдық инфрақұрылымды дамыту бағыттары сөз болды.

Кездесу барысында ветеринария саласы мамандары өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салып, саладағы жұмыс жағдайына қатысты пікірлерін білдірді.

Сондай-ақ «Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабының өкілдері «АЛИЕВ» медициналық орталығының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде әлеуметтік сала, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі, медицина мамандарының еңбек жағдайы және халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Медицина қызметкерлері денсаулық сақтау саласына қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, жұмыс барысында кездесетін өзекті мәселелерді көтерді. Кездесу қатысушылары арасында ашық пікір алмасу өтіп, еңбек ұжымдарының ұсыныстарын тыңдаудың маңыздылығы атап өтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button