Без рубрики

«Көкқайнар-3» ауылында денсаулық сақтау мәселелері талқыланды

«Көкқайнар-3» ауылындағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығында медицина қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиынға «Әділет» партиясы Іле аудандық филиалының сайлауалды штабының мүшелері Алмасбек Сатибаев, Баян Топарқызы, Тілеукен Көпбаева, Гульжан Байкан, Гамзе Гейдаров, Рауан Бұғыбаев және Мұхамедсұлтан Тамабек қатысты.

Кездесуде денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, аурулардың алдын алу және ерте диагностиканы күшейту, оңалту қызметтерін дамыту, медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын жаңарту және медицина мамандарын қолдау бағыттары сөз болды.

Жүздесу барысында оңалту қызметтерінің маңызына да ерекше назар аударылды. Азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған заманауи медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру қажеттігі жөнінде пікір алмасты.

Медицина қызметкерлері өздерінің кәсіби тәжірибесі мен ұсыныстарын ортаға салып, саладағы өзекті мәселелерді атап өтті. Ашық пікір алмасу барысында ауылдық жерлердегі медициналық қызмет көрсету сапасын жетілдіру және тұрғындарға қажетті медициналық көмекті қолжетімді ету мәселелері талқыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button