Без рубрики

ХАЛЫҚПЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛАҢЫ

Іле ауданының Өтеген батыр ауылындағы «Рауан» құрылыс базарында «Әділет» партиясының өкілдері мен тұрғындар арасында экспромт форматтағы кездесу өтті.

Кездесу барысында базардағы саудагерлер мен тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Еркін пікір алмасу барысында кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, сауда орындарындағы жағдайды жақсарту, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер сөз болды.

Тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, күнделікті өмірде кездесетін мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Партия өкілдері азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, айтылған ұсыныстарды тыңдады.

Экспромт форматтағы мұндай кездесулер тұрғындардың пікірін тікелей тыңдап, жергілікті жерде көтерілген мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. Кездесу барысында кәсіпкерлер мен тұрғындардың ұсыныстары ортаға салынып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button