Без рубрики

ӨЗГЕРІС ЕҢБЕК АДАМЫНАН БАСТАЛАДЫ

Іле ауданындағы жылу энергетикасы саласының тұрақты жұмыс істеуі коммуналдық инфрақұрылымның маңызды бағыттарының бірі. Осыған байланысты «Іле жылу жүйелері» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өтті.

Кездесу барысында «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, еңбек адамының мәртебесі, адами капиталды дамыту, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланды.

Ұжым мүшелері саладағы жұмыс барысына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, еңбек жағдайларын жетілдіру, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және коммуналдық жүйелердің тиімділігін арттыру мәселелері сөз болды.

Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстарын жеткізді. Мұндай кездесулер еңбек ұжымдарының пікірін тыңдап, саладағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button