Без рубрики

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАНҒА АТСАЛЫСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Құрылтай сайлауы аясындағы үгіт-насихат науқанының қорытындысы бойынша «Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабында белсенді жұмыс атқарған азаматтар марапатталды.

Салтанатты жиында «Әділет» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы Алмасбек Сатибаев саяси науқан барысында еңбек еткен штаб мүшелеріне, спикерлерге, белсенділерге және еріктілерге алғысын білдірді. Ол партия төрағасы Айбек Дәдебайдың атынан бірқатар азаматтарға Алғыс хаттарды табыстады.

Алмасбек Сатибаев өз сөзінде сайлауалды науқанның нәтижелі өтуіне әр азаматтың үлес қосқанын атап өтті.

«Сайлауалды науқан – бір адамның немесе бір ғана штабтың жұмысы емес. Бұл – ортақ мақсатқа жұмылған азаматтардың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Осы кезеңде елді мекендерде, кәсіпорындарда, әлеуметтік нысандарда және қоғамдық орындарда тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдадық. Әрбір кездесудің, әрбір айтылған пікірдің біз үшін маңызы зор. Белсенділік танытып, партиямыздың бағдарламасын халыққа жеткізуге атсалысқан барша азаматқа шынайы алғысымды білдіремін», – деді Алмасбек Сатибаев.

Айта кетейік, сайлауалды науқан кезінде Іле ауданында 1 аудандық штаб жұмыс істеді. Олардың қатарында зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, этно-мәдени бірлестіктердің белсенділері, жастар және партия мүшелері болды.

Науқан барысында қала бойынша 160 іс-шара өткізу жоспарланып, іс жүзінде 160 іс-шара ұйымдастырылды. Кездесулер мен түрлі форматтағы үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде онлайн және офлайн форматта 102980 мыңнан астам сайлаушы қамтылды. Тұрғындардан тарапынан ұсыныс-тілек жинақталып, партияның алдағы жұмысына негіз болатын өзекті мәселелер айқындалды.

#Әділет #ӘділетПартиясы #ПартияAdilet

Басқа жаңалықтар

Back to top button