Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖАҢА ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

 

Іле ауданында кәсіпкерлік пен инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның нәтижесінде аудан аумағында тағы бір заманауи демалыс және сауықтыру нысаны пайдалануға берілді.

Байсерке ауылында «Asau Royal Spa» демалыс және сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жобаның жалпы инвестициялық құны 850 млн теңгені құрайды. Кешеннің іске қосылуы нәтижесінде 60 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасалды.

«Asau Royal Spa» – заманауи талаптарға сай жабдықталған демалыс және сауықтыру кешені. Нысан тұрғындар мен қонақтарға сапалы қызмет ұсынып қана қоймай, Іле ауданының туристік әлеуетін арттыруға және қызмет көрсету саласының дамуына оң әсерін тигізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button