Жол сапасы заманауи және нақты нормативтікталаптардан басталады

Жол инфрақұрылымының сапасы жекелеген нысандардытексерумен ғана шектелмейді. Жолды жобалау, салу, жөндеужәне пайдалану кезеңдерінің барлығында сапаныбағалаудың нақты әрі бірізді тәсілдері қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-ЖомартТоқаев жол құрылысының сапасын бағалау жүйесін қайтақарау және құрылыс жұмыстарының барлық кезеңіндебақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Мемлекетбасшысы Ұлттық жол активтері сапасының орталығыныңжұмысын да күшейтуді тапсырды.
JOLSAPA үшін жол сапасын бақылау — негізгі жұмысбағыттарының бірі.
Орталық мамандары жол-құрылыс материалдарыныңсапасын зертханалық сынақтар арқылы бағалайды, орындалған жұмыстардың белгіленген талаптарғасәйкестігін тексереді, технологиялық бұзушылықтар мен ақауларды анықтайды.
2026 жылдың басынан бері жергілікті жолдарда 15 мыңнанастам жол-құрылыс материалының сынамасы зерттелді. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде олардың 32%-ы белгіленген талаптарға сәйкес келмеген. Сонымен қатаржыл басынан бері жергілікті жолдарда 1 997 технологиялықбұзушылық пен ақау анықталған: оның 214-і жойылып, 1 783-і әлі жойылған жоқ.
Бұл көрсеткіштер жол сапасын бақылаудың маңызын ғанаемес, анықталған сәйкессіздіктерді уақтылы жоюдың жәнесапаны бағалауда нақты әрі бірізді талаптардың болуыныңқажеттігін көрсетеді.
Осы тұрғыдан алғанда, нормативтік базаны жетілдіру жолсаласындағы жүйелі өзгерістердің маңызды бөлігі болыптабылады.
Автожол саласындағы нормативтік-техникалық базаныөзектендіру бағытында Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасы бойынша «ҚаздорНИИ»тиісті жұмыстар жүргізуде.
JOLSAPA өз кезегінде нормативтік талаптарды әзірлеушіорган ретінде емес, жол сапасын бақылау барысында нақтытәжірибеде кездесетін мәселелерді анықтап, саладағыталаптар мен сапаны бағалау тәсілдерін жетілдіруқажеттігін көрсететін кәсіби буын ретінде жұмыс істейді.
Осы мәселе жақында өткен «Сапалы жолдар: жоспарлаудан пайдалануға дейін» семинар-кеңесінде де талқыланды. Үш күндік іс-шара барысында жолдардыжоспарлау, диагностикалау, жөндеу және жобалаумәселелерімен қатар, жол саласында қолданылатыннормативтік талаптарға да ерекше назар аударылды.
Талқылау кезінде қолданыстағы нормативтік құжаттардағыталаптардың өзара алшақтығы көтеріліп, оларды кешендітүрде қайта қарау қажеттігі айтылды. Мұндай жұмыс жолжұмыстарын және қолданылатын материалдардың сапасынбағалауда бірыңғай тәсіл қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сапалы жол тек белгіленген талаптарды орындау емес. Бұл —заманауи талаптар, сапалы материалдар, технологияныңсақталуы және жол құрылысының барлық кезеңіндегі тиімдібақылау.
JOLSAPA жол активтерінің сапасын бақылау жүйесінжетілдіру және жол сапасын бағалаудың тиімді әрі біріздітәсілдерін қалыптастыру бағытындағы жұмысынжалғастырады.



