Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ДАЛА ДӘМІ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

 

Бүгін, 23 қазанда, Республика күніне орай Алматы облысы Іле ауданының Өтеген батыр ауылында «Дала дәмі» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Сағат 10:00-де басталған шараға ауданның әр ауылдық округінен кәсіпкерлер қатысып, тұрғындарға өз өнімдерін ұсынып жатыр. Жәрмеңкеге «Алатау-Құс» ЖШС, «Сары-Бұлақ» ЖШС, «BS» ЖШС, «Боралдай-Нан» ЖШС, «Дәулет-Бекет» ЖШС және басқа да шағын кәсіпкерлер қатысуда.

Жалпы көлемі 30 тоннадан астам өнімді саудаға шығару жоспарланған. Тұрғындарға көкөністер мен жемістер, ет және сүт өнімдері, нан-тоқаш өнімдері және күнделікті тұтынуға қажетті өзге де азық-түлік тауарлары ұсынылуда.

Республика күніне орай бірқатар өнімдерге 10–15 пайыз көлемінде жеңілдіктер қарастырылған. Бұл тұрғындарға сапалы азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

«Дала дәмі» жәрмеңкесінің басты мақсаты – халықты қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау және отандық өнім өндірушілердің әлеуетін арттыру. Мұндай шаралар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланысты нығайтып, өңірдің кәсіпкерлік саласының дамуына ықпал етеді.

Мереке қарсаңында ұйымдастырылған жәрмеңке – ел бірлігі мен берекесін дәріптеп, отандық өнімді қолдауға бағытталған игі бастама.

Басқа жаңалықтар

Back to top button