Без рубрики
Президентке сот жүйесінде биылғы тоғыз айда атқарылған жұмыс нәтижелері, сот ісін жүргізу үдерісін цифрландыру барысы, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру шаралары туралы баяндалды.

Асламбек Мерғалиев сот органдары 24,8 мың қылмыстық істі қарағанын айтты. Азаматтық істердің саны 28,4 пайызға ұлғайып, 605 мыңнан асты. Бұған банкроттыққа, тұрғын үй және жер дауларына қатысты талап-арыздар мен келісімшарттық міндеттемелер бойынша істер санының артуы себеп болып отыр. Сондай-ақ 29,2 мың әкімшілік іс және 319 мың әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Даулардың жартысына жуығы медиациямен және басқа да балама жолдармен реттелді.



