Без рубрики
Қайыржан Жақсымбетов мәслихат сайлауында өз таңдауын жасады

Бүгін Іле ауданында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.
Аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов Өтеген батыр ауылындағы №1062 сайлау учаскесіне барып, өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырды.
Айта кетейік, мәслихат депутаттарының құзыретіне жергілікті бюджетті және әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын бекіту, олардың орындалуын бақылау кіреді.
Бүгінде Іле ауданында 92 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлаушылардың жалпы саны – 158 490 адам. Үйден дауыс беруге 291 өтініш келіп түскен.
Аудан аумағында дауыс беру жалғасуда.


