Аудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫНДА

Іле аудандық кітапханасының КОВОРКИНГ орталығында Іле ауданының мәдениет және кітапхана саласының қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Жолдау барысындағы негізгі бағыттарға жекелей тоқталып көңіл бөлінді. Халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар Жолдау ішінен орын алған. Бұл көңіл қуантарлық дүние. Жолдауда басты мәселелердің бірі болған мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырғандығы жөнінде айтылды. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе деп атап өтті.

Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе, жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды.

Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде. Келесі жылдан бастап үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы көбейтілуі тиіс, — деді. Президент өз Жолдауында халқымызды толғандыратын барлық мәселелер бізге белгілі. Осыған орай, ахуалды жақсарту үшін іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр деп атай отырып, өзін ел тағдырына жаны ашитын азаматтарға зор сенім артатындығын да баса айтты. Әсіресе мәдениет қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлгені үміт сәулесін жақындата түсті. Аталған Жолдауға мәдениет қызметкерлері жарыссөзге шығып, өз пікірлерін білдірді.

 

Айнұр МУКАШЕВА

әдістеме бөлімінің меңгерушісі

Басқа жаңалықтар

Back to top button