Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

ОТАНДЫ СҮЮ –ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗЫМЫЗ

«Отанды қастерлеу – елдігіміздің тірегі. Біз отаншыл болуға, жас ұрпақтың санасына отаншылдық ұғымын берік орнықтыруға тиіспіз. Біле-білсек, Отанды сүю – біздің перзенттік парызымыз, қарыс қадам үшін жанын қиған бабалардың асыл

аманатына адалдығымыз!»

Н. Ә. Назарбаев.

 

2019 жылы күзгі әскерге шақыру шеңберінде армияның беделін көтеру, мерзімді қызмет өткерудің оң келбетін құру мақсатында «Ел тірегі» -2019» акциясы басталды. Іс-шараның негізгі мақсаты: жастарды әскери патриоттық тәрбиеге баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Аудандағы №13 М. Мақатаев атындағы орта мектебінің АӘД пәнінің мұғалімінің ұйымдастыруымен «Жас полиция» 7 «г» сынып және 11 сынып оқушылары мен ҚР Ауған соғысының, ҚР ҚК ардагерлерінің қатысуымен «Біз Отанға қызмет етуге дайынбыз!» тақырыбында және «Ел тірегі» — 2019 әскери-патриоттық акциясы шеңберінде мерекелік шара өткізілді. Онда әр түрлі спорттық нөмірлер көрсетіліп, арнайы дайындалған «Даңқ» сыныбымен таныстырды. Өздерін өте жақсы көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен бірге, Жапек батыр ауылындағы №36 орта мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі А. Какпаков және Іле ауданының ҚІБ-нің әскери-патриоттық жұмыс бойынша ҚК қызметкері Н. Мукажанованың ұйымдастыруымен: жоғарғы сынып оқушыларына №78460 әскери бөлімінде «Әскердегі бір күн!» тақырыбында ашық есік күніне арналған серуен өткізілді. Онда оқушыларға әскердегі күн тәртібі, асхана, жатын бөлмелері көрсетіліп, әскери бөлімдегі күнделікті тұрмыстық ішкі тәртіппен танысты. Сонымен қатар сапқа тұру, автомат жинау тәртібі көрсетілді

 

С. МЕДЕУБАЕВ, Іле ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор.

Н.МУКАЖАНОВА, Бөлім бастығының көмекшісі әскер-патриоттық жұмыс бойынша, ҚР қарулы күштер қызметкері

Басқа жаңалықтар

Back to top button