Елдік мүдде- игілік бастауы
Ұлт тарихындағы ұлы белестер аз емес. Жаңа кезеңге аяқ басқан елдің ілгері басуы аса маңызды. Осы орайда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылар жұмыстыңда ел дамуына тигізер пайдасы мол. Аталған бағдарламаны іске асыру үшін, «бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерлету» жобасының төңірегінде «Қазақтану», «Өзгерісті өзіңнен баста» лекторийлері өтті.
Шара облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесі орталығының ғимаратында өткізілді. Алқалы отырысты өкізудегі мақсат — Қазақстан этностары коммуникациясының жаңа арналарын жандандыру. Әр түрлі этностық топтар өкілдерінің қазақтардың тарихы, мәдениеті, діні рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, ой-санасы туралы мейілінше толық ақпарат алуға ықпал ету.
Жоба бойынша талқылау отырысын Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры ұйымдастырған. Аталмыш алқалы жиын Елордадан бастау алып, Алматы, Қызылорда қалаларында да өткізілген. Ендігі кезде жер әсемі Жетісуға ат басын бұрды. Жиында Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының өкілі ҚХА мүшесі, журналист Жалғас Талғатұлы модератор қызметін атқарса, дәл осы қордың мүшелері Жазира Айтбайқызы мен журналист Аида Қожмамбетова тақырып бойынша лекция оқыды.
Бұдан бөлек шараға облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесі орталығының директоры Дана Дүйсеновада қатысып, насихат тобының бастамасына табыс тіледі. Дөңгелек үстел басында өткен отырыстың соңында екі жақты меморандумға қол қойылды. Жиналыс мұнымен аяқталмады. Артынша, book-crossing, bookDating-ке ұласты. Онда қатысушылар кітаптарымен алмасып, оқыған қызықты кітаптарының желісін жұршылыққа айтып берді. Рухани тұрғыда сусындауға шақырған талқылау отырысының соңында белсенді қатысушыларға ұйымдастырушылардың атынан арнайы алғыс хаттар берілді.
Анар Сабырова