Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

САЯСИ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖАЛҒАСАДЫ

Ел Президенті өзінің халыққа берген уәделерін міндетті түрде орындайтынын айтты әрі мынандай негізгі бағыттарға тоқталды деп  ойын түйіндей түседі.  Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы бірінші – қазіргі заманғы тиімді мемлекет, екінші – азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үшінші – қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, төртінші – әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі, бесінші – «күшті аймақ – күшті мемлекет» деген бес басымдықты нақты атады. Жолдауда басынан аяғына дейін мемлекеттің жақын арадағы негізгі бағыттарын айқындаған. Соның ішінде саяси трансформацияның жалғасатындығы туралы және де трансформация бірінші кезекте халық пен мемлекеттің мүддесіне бағытталатынына тоқталды.

Сонымен бірге қарқынды экономикалық даму қоғамдық-саяси модернизациямен қатар жүретініне ерекше назар аудара келе, Мемлекет басшысы тағы да «күшті президенттік басқару, ықпалды парламент және есеп беруші үкімет» формуласы жүзеге асқанда ғана жедел жетістікке қол жеткізуге болатындығына назар салды.

Жолдауда білім, денсаулық саласына да ерекше көңіл бөлді. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білімді теңестіруге, жоғарғы білімнің сапасын арттыруға, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының әрі қарай жалғаса беретіндігін және де алдағы 4 жылда ұстаздар жалақысын 2 есеге арттыру туралы тапсырмалары білім қызметкерлерінің көңілінен шықты.

Сондай-ақ отбасы мен балаларды қорғау институтына да ерекше тоқталды. Педофилдерге қарсы күресті жандандырып, оларға арналған жазаны қатайтуды да ұсынды. Үкіметке 3 жыл ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған 30 мың көпбалалы ананың мәселесін шешуді тапсырды.

Қорыта келгенде, Қ. Тоқаев еліміздегі реформалаудың жаңа кезеңіне қадам басқанына тоқтала келіп, реформалардың тек реформалар үшін жүргізуге жол бермейтіндігін мәлімдеді.

 

Е. САЛИБЕКОВА,

Қараой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button