Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАППАҚ

2019 жылғы 13 қараша күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық партия филиалының мәжіліс залында  «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы партиялық бақылау комиссия отырысы өтті. Отырысқа аудандық  партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Г.Ақжолтаева, аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері: аудандық мәслихат депутаты С. Чатуев, аудандық партия филиалының консультанты, комиссия хатшысы О.Айқынбаев, сонымен қатар аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Закиржанов, Жетіген ауылдық округі әкімінің орынбасары Р.Байбасарова, аудандық білім бөлімі басшысы Л. Каткеева, аудандық құрылыс бөлімі басшысының м.а. А. Қасенов қатысты. Күн тәртібінде 1 мәселе қаралды: Жетіген округі, Еңбек ауылындағы №33 бастауыш мектебінде орын алған жағдай туралы. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Закиржанов Садыр Тұрсынжанұлы сөз сөйлеп, Еңбек ауылы, №33 мектепте орын алған жағдаймен таныстырды. Жарыссөзде сөйлеген аудандық білім бөлімі басшысы Л.Каткеева №33 мектепте 1-4 сыныптарда 72 оқушы оқитыны, 5-11 сыныптың 65 оқушысы Жетіген ауылына тасымалданатыны жайлы айтты. Мектеп ғимараты ескі, көмірмен жылытылады, ол үшін қажетті 27 тонна көмір түсірілген, санитарлық желі сыртта орналасқан. Бүгінгі таңда Алматы облыстық білім басқармасына 180 орындық мектеп құрылысын салу жөнінде ұсыныс хат жолданғаны жайлы айтты. Жетіген ауылдық округі әкімінің орынбасары Р.Байбасарова сөз сөйлеп, жаңа мектеп құрылысын салу үшін Еңбек ауылында 3,0 га жер телімі қарастырылып, қазіргі уақытта жер телімінің құжаттарын  рәсімдеу жұмыстары жүргізілетіні жайлы айтты. Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы м.а. Айдын Қасенов мектеп құрылысының жобалау-сметалық құжаттары толық бітіп, ұсыныс қабылданған соң, құрылысқа қаражат бөлінген соң, мектеп құрылысы басталатыны жайлы айтты.

«Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Закиржанов қорытынды сөз сөйлеп, Еңбек ауылында 180 орындық мектеп құрылысын салуға қажетті құжаттарды әзірлеу бойынша аудандық білім бөлімі мен Жетіген ауылдық округі әкімдігі басшылығына осы мәселені бақылауға алу жайлы тапсырма берді. Күн тәртібіндегі мәселені қарап, талқылай келе, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы  партиялық бақылау комиссиясы шешім қабылдады.

 

Өз тлшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button