СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз-қоғам мен мемлекеттік қылмыстық сипат алуы сияқты қауіпті ұғым. Сыбайлас жемқорлық – індет, оны жою міндет. Өйткені қоғам үшін қауіпті дерт. Оның кез-келген түрлерімен аяусыз күресіп, түп-тамырымен жойған дұрыс. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сырқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау мүшелерін шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болуы, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. «Тура биде тұрған жоқ, тұрғанда биде иман жоқ» дейді халық. Біз қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген халықтың бүгінгі ұрпағымыз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасы стратегиясы туралы Жарлыққа қол қойды. Стратегия жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағдарламасы мемлекеттік және тұтас қоғамның күшін жемқорлыққа қарсы жұмылдыруға бағытталған. Аталмыш бағдарламада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен күресудің кешенді шаралары да толықтай қарастырылған. Стратегияның мақсаты-мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлде төзбеушілік» ахуалын қалыптастырып, кеселге қарсы күреске бүкіл қоғамды тарту. Құжат «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын тиімді жүзеге асыру үшін қоғамның қолдауы қажет. Қоғамдық қолдау күшейтілмесе, тек ішінара нәтиже береді. Еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді. Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мемлекттік билік органдарына қауіпті. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауға беделін түсіретін өкілеттің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан, биліктің монополияға айналуына әкеп соқтырады
Азаматтарымыздың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, берік иммунитет қалыптаспай, жұрттың оған деген ынтасы болмай тұрып, оң нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес. Жалпы жемқорлыққа қарсы күрес бұл бүкіл қоғамның және баршамызға ортақ іс.
Іле ауданының Статистика басқармасы