Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыДін және қоғамҚоғам

ЖАЛҚАУЛЫҚ ЖӘНЕ МАСЫЛДЫҚ ҚАСІРЕТ

Жалқаулық бүкіл адамзаттың бойындағы індет болып табылады. Тәнге рақат сыйлап, жанға жара салатын кеселді дерт, адамның нәпсінен келетің ең улкен дұшпан. Жалқаулықтың аржағында нәпсінің құмарлығы тұр. Нәпсі сондай зат – қиналып, азапталғанды қаламайды. Оған тек ішіп-жесе, ұйықтай берсе, демалса, ойнап-күліп журе бергенді қалайды және рахаттанады. Еңбек етуді,  құлшылық жасауды мулде қаламайды. Жалқаулық 40 парызды орындауға, намаз оқуға,әрдайым кедергі болады. Егер адам нәпсісінің жетегінде кетсе, дүние мен ахыретіне зарар береді .Бул туралы Лұқпан хәкім өз баласына мынандай өсиет айтқан: «Біріншіден дінің әлсіретеді: яғни, сеніміне кір келтіреді. Өйткені, кедейлік адамды жаман ниетке жетелейді. Екіншіден ақылын азайтады. Өйткені мұқтаждық адамның еңсесің тусіреді. Үшіншіден адамгершілігі әлсірейді. Адамдарға жек көрінішті болады». Барлық қасіреттің пайда болуы жаратушы иеміздің айтқанымен журмеу , оның әмірлерін орындамау,  бой ұсынбау, харам мен күнәлі істерге бару, күмәнға мән бермеу,  нәпсінің жетегінде кету осылар болады. Бұған қарсы Құран мен пайғамбар (с.а.с) ның суннетін ұстану , парыз намаздарын уақытында оқу, Алла тағала риза болатын амалдар жасау, барлық міндеттерімізді толық орындау, шариғат шеңберінде өмір сүруіміз қажет. Раббымыз әр адам баласына анасының құрсағында жатқанда ризық — несібесін жазып қойған.  Еңбек етудің маңызы мен адал кәсіп туралы ислам дініңде толықтай айтылған. Енді патша Харун Рашид пен Баһлулиддинің оқиғасын қысқаша баяндайын:

— Харун Рашид айтты. «Менде қажетің бар ма? Өтеп берейін.

— Иә, үш қажетім бар. Өтеп берсең рахмет айтамын.

—  Сұра ендеше…

— Өмірімді ұзарт?

— Шамам келмейді.

— Онда өлім періштесінен қорған бол.

— Қауқарым жетпейді

— Ендеше, мені жұмаққа кіргіз, тозақтан алыстат

— Күшім жетпейді

— Ендеше,білгін сен құлсың , патша емессің. Ал менің құлдарға мұқтаждығым жоқ – деді.

Не сұрасақ та, тек Раббымыздан сұрайық , таң  ертең кешке толық берілейік. Алла Тағала баршамызға адал кәсіп, тақуалық , адал ризыққа бөленуді нәсіп етсің! Әмин!

 

Зейнелкабиден Мухаметоллаұлы

Али ауылдық мешітінің имамы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button