ЖАҢА ФОРМАТТА ҚЫЗМЕТ ҰСЫНУ
Қазіргі таңда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты мәселелер көкейтесті болып табылады. Аталмыш мәселелерді шешу бір мезетте бірнеше белестерді еңсеруге мүмкіндік береді. Олардың арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы ашықтық пен қызметтерді көрсету үрдісін оңтайландырумен қатар жемқорлық мәселесі де бар. Осыған байланысты, бүгінгі күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы айрықша орынға ие болып отыр.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамытуда негізгі үш бағытты бөліп көрсетуге болады:
- Мемлекеттік қызметтерді алу үрдісін оңтайландыру және мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі ашықтық;
- Мемлекеттік қызметтерде цифрлық технологияларды қолдану, қызметтерді ұсыну мен алу барысын автоматтандыру;
- Азаматтардың сана-сезімін жаңғырту.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету өзінің даму барысында бірнеше сатылардан өтеді. Ең бастысы мемлекеттік қызметтерді алушылар үшін жайлы жағдайларды ұйымдастыру.
«Сервистік әкімдік» жобасы осы мәселені шешуге бағытталған. Себебі, аталған ғимаратта мемлекеттік қызметтерді алушылар үшін барлық жағдайлар жасалған: күту залында ыңғайлы орындықтар, кондиционер, суға арналған диспенсер мен ақпараттық теледидар орнатылған. Өзін-өзі қызмет көрсетуге арналған бұрыш ұйымдастырылған. Аталған бұрышта үстел, орындық және интернетке қосылған дербес компьютер қойылған. Көріп отырғанымыздай, мемлекеттік қызметтерді алушылар үшін қажет барлық жабдықтармен «Сервистік әкімдік» жобасының ғимараты толығымен қамтылған.
Бүгінгі күні «Сервистік әкімдік» жобасы облыстың басқа да аудандарында жүзеге асырылуда. Ақсу, Райымбек аудандары мен Талдықорған қаласында аталған жоба ілгері сатыда жүзеге асырылуда.
Мысалы, Ақсу ауданында «Сервистік әкімдіктің» қағидаларына бейімдеуді көздейтін аудандық мемлекеттік органдар орналасқан әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу үшін қаржы бөлінді.
Райымбек ауданында әкімшілік ғимарат салынуда, аталған ғимарат «Сервистік әкімдіктің» қағидаларына бейімделеді, Талдықорған қаласында жеке ғимарат бөлінді, аталған ғимаратта тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруда адамдардың алатын орны маңызды. Азаматтар мемлекеттік қызметтерді ұсынудың сапасын арттыруға белсенді араласуы қажет. Бұл мақсатта халықтың менталитетін өзгерту, сана-сезімін жаңарту көкейкесті мәселе болып отыр. Қазақстандықтардың сана-сезімін жаңғыртуға, әлемнің дамыған елдерімен интеграциялануға және мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған латын әліпбиіне көшуді қолдау мақсатымен, жоғарыда аталған «Сервистік әкімдік» ғимаратындағы мемлекеттік тілдегі барлық жазулар латын графикасымен жазылған.
Мемлекеттік органдардың есептік мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың 9ай қорытындысы бойынша Алматы облысы бойынша мемлекеттік органдармен 9749 047 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде: ЖАО– 6 636 557 мемлекеттік қызмет (көрсетілген қызметтердің жалпы санының 68,1%),ОМОАБ – 3112 490 мемлекеттік қызмет (көрсетілген қызметтердің жалпы санының 31,9%) көрсетілген.
Көрсету нысаны бойынша:
1) Тікелей қызмет берушілермен қағаз түрінде көрсетілгендер – 1011392– 10,4% (ЖАО – 894 331 – 9,2%, ОМО АБ –117 061– 1,2%);
2) Мемлекеттік корпорация және (немесе) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіле алатын, тікелей қызмет берушілермен қағаз түрінде көрсетілгендер–474 281– 4,9% (ЖАО – 217 996 — 2,2%, ОМО АБ – 256 285 – 2,6%);
3) Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы көрсетілгендер – 1 432 414 – 14,7% (ЖАО 217 129 – 2,2%, ОМО АБ – 1 215285 – 12,5%);
4) Электронды түрде көрсетілгендер 6 830 960 – 70,1%(ЖАО – 5 307 101 – 54,4%, ОМО АБ –1 523 859-15,6%);
Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі денсаулық сақтау саласында (3 171 258 қызмет немесе 32,5%), полиция департаментінде (1 550 748 қызмет немесе 15,9%) және мемлекеттік кіріс органдарында (1 373 536 қызмет немесе 14,1%) көрсетілген.
Сонымен қатар, Алматы облысының ЖАО көрсетілген қызметтердің жалпы санының 80% электронды түрде көрсетілсе, 3,3% мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген, ал ОМО АБ мемлекеттік қызметтердің 49% электронды түрде көрсетілсе, 39% мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгенін айта кету керек.
Демек, халық арасында мемлекеттік қызметтерді электронды нысанда алуды насихаттау жұмыстарын жаңдандыру қажет. Бұл мәселені шешу үшін Департаментпен көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Аталмыш бағытта негізгі екпін ауылдық округтегі ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау.
Осыған орай, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мен мемлекеттік қызметтерді алу барысында қолайлы жағдай жасау мақсатында Департаменттің бастамасымен облыс көлемінде 2045 (6 айдың қорытындысы бойынша 1211) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылды. Оның ішінде 251 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ауылдық әкімдік ғимараттарында орналастырылған. Аталмыш бастама өз кезегінде, облыс тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді.
Аталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары арқылы 2019 жылдың 9 ай бойынша 296 мың 308(6 айдың қорытындысы бойынша 76 857) мемлекеттік қызмет электронды нысанда алынды.
Облысымыздың денсаулық сақтау салаларындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерін электрондық форматқа көшіру және тұрғындарға насихаттау мақсатында облыстың аудан/қалаларының медициналық орталықтарында 24, ауылдық округтердің 198 медициналық мекемелері мен дәрігерлік амбулаторияларында «Цифрлық посттар» құрылды.
Аталған посттар арқылы жедел түрде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді mgov.kz мобилді қосымшасы арқылы алуға болады. Олардың ішінде: дәрігерді үйге шақыру, дәрігердің қабылдауына жазылу, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу сияқты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бар.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған посттарда азаматтар онлайн режимде «Электрондық үкімет» веб порталымен жұмыс жасауға үйренеді. Бұл, өз кезегінде, жергілікті халықтың, әсіресе ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруға көмектеседі.
Қызмет алушыларға жайлы жағдай жасау үшін облыс әкіміне және аудан/қала әкімдеріне «Сервистік әкімдік» жобасын жүзеге асыру туралы ұсыныс жолданды. Жоба Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамында» көрсетілген ашық және есеп беруші мемлекет бөлігіндегі тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылады.
2018 жылы сәуірдің 13 күні Қаратал ауданының Үштөбе қаласында «Сервистік әкімдік» ғимараты салтанатты түрде ашылды. Аталған ғимаратта аудандық құрылыс, жер қатынастары, білім бөлімі, Үштөбе қаласы әкімдігінің қызметкерлері мен жұмыспен қамту орталығының өкілдері орналастырылды.
Бүгінгі күні, тек 2019 жылдың 9 айында «Сервистік әкімдік» арқылы 8 768 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 1 368 жергілікті тұрғынға мемлекеттік қызметтерді электронды нысанда алу бойынша дәрістер өткізілді.
Аталған жоба, Көксу ауданында да іске асырылды
Қазіргі таңда, «Сервистік әкімдік» және фронт-офис жобасы облыстың басқа да аудан/қалаларында жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтсақ, Талдықорған қаласында және Ақсу, Райымбек аудандарында аталған жоба ілгері сатыда жүзеге асырылуда.
Мысалы, Ақсу ауданында «Сервистік әкімдіктің» қағидаларына бейімдеу бойынша аудандық әкімішілік ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Райымбек ауданында әкімшілік ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, аталған ғимарат «Сервистік әкімдіктің» қағидаларына сәйкес, Талдықорған қаласында фронт-офисына арналған ғимарат белгіленіп, жөндеу жұмыстары аяқталған және құрал-жабдықтар сатып алынуда.
Осы орайда, Департамент мемлекеттік қызметтерді электронды нысанда алуға көшу, аталмыш салада цифрлық және жаңа технологияларды енгізу жұмыстарын жастардың қатысуымен жүзеге асыруда. Бұл үрдіс болашақта да өз жалғасын таппақ.
СЕИТОВ Бауыржан Жанатұлы,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы