Көліктік бақылау инспекциясындағы өзгерістер
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша Алматы облысында 48 489 бірлік жүк көліктері бар.
Бұл ел аумағы бойынша ең үлкені болып есептелінеді. Сондай-ақ облыс бойынша, 30195 бірлік жүк тасымалдау көлігі тіркелген. Осылайша, еліміздегі жүк көліктерінің 17,4%-ын облыс аумағынан көруге болады.
Алматы облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының құрамы 32 адамнан тұрады, 4 бөлім жұмыс істейді. Заң шеңберінде аталған инспекция 19 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 2019 жылдың 12 айында 25610 Мемлекеттік қызмет көрсетіген, оның ішінде 15531 жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған.
— автомобиль көлігі саласында 7 мемлекеттік қызмет түрі кіреді. Соңғы 12 ай қорытындысы бойынша, 25252 мемлекеттік қызмет көрсетілді, және де 15262жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту тіркелген;
— теміржол көлігі саласында 3 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 60 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған 15 жағдай есепке алынған;
— су көлігі саласында 9 мемлекеттік қызмет түрі бар. Осы уақытқа дейін 298 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 254 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 859 бұйрығына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден басқа Қазақстан Республикасымен шекаралас елдерге шетелдік көліктерге рұқсаттар беру кезінде бланкінің тиісті бағандарына тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, Автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі, қозғалыс бағыты жазылады және рұқсатты берген тұлғаның мөрі мен қолы қойылады .
«2019 жылы көліктік бақылау бекеттерінде 3 741 автоматтандырылған телефон станциялары тексеріліп, 1173 заң бұзушылық анықталды, барлық фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалды, нәтижесінде 77 миллион 031 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды, сонымен бірге жиналған автоматтандырылған телефон станциясы 8 млн. 300 мың теңге»,-деп хабарлады Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекция басшысының орынбасары Турдалин Сапарбек Анварұлы.
Гүлжанат Нұрасыл