Аудан жаңалықтарыҚоғам

ЕРІКТІЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Жыл басында-ақ Президентіміз Қ. Тоқаев 2020 жылды еріктілер жылы деп бекіткен болатын. Онда арнайы  Волонтер жылының міндеттері туралы айта келіп, бірнеше негізгі бағыттарға назар аударуды ұсынған болатын соның ішінде «Сабақтастық» жобасы аясында «Саулық» бағытында ауданымыздың жастар ресурсы орталығының еріктілері Ащыбұлақ ауылдық округіндегі орналасқан «Солнышко» балалар үйіне барып, балалармен түрлі ойындар ойнап, тұрмыс жағдайымен танысып келді. Бала- адамның бауыр еті демекші, кент, округ жастары ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушылары және еріктілердің қатысуымен «Еріктілер» жылының ашылуына орай «Фабрика вкуса», «Алихан» дүкені, «Барбершоп» салонының демеушілігімен балаларға арнайы дастархан жайылды.

Қайырымдылық — бұл елімізге тән дәстүрлердің бірі. Ата-бабаларымыз жақын адамдарға жақсылық жасау ұғымын жақсы түсінсе, қазіргі таңда қайырымдылық әрбір азаматтың борышына айналып келеді.

Президент волонтерлікті ұлттық масштабта ғана емес, әрбір қала мен ауылда дамыту керек деп нақты айтқан болатын. Осы мақсатта аудандық жастарда қарап қалған жоқ. Аудан көлеміндегі сегіз округінде ауыл әкімшілігі жанынан еріктілер ұйымын ашып, ауылдағы қоршаған ортаны бақылау мен жалғызбасты қарттардың керек-жарағына қол ұшын беруді ұйымдастырып қойған. Айтпақшы жақында ғана Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына орай хакім Абайдың өлеңдерінен жыр оқып, видеороликтерін жолдап жатыр.

«Қоршаған ортаны бақылауда барлық аудан тұрғындарын, әсіресе жастарды, қоғамның мүддесі үшін тазалыққа, округте құрылған еріктілерге жан-жақты қолдау көрсету және еріктілер қозғалысының дамуына ықпал ету, сондай-ақ бірлік пен ұлтаралық келісімді нығайтуға шақырамын» — дейді Аудандық Жастар ресурсы орталығының жетекшісі А.Абдрахманов.

 

Б. ТОҚАН

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button