ЖАҢА ӘЛІПБИ – ЖАҢА ДӘУІР БАСТАУЫ
Чапаев ауылдық кітапханасы коворкинг орталығында Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағадар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Чапаев ауылдық әкімшілігі, Мәдениет үйі қызметкерлерімен бірлескен «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты тақырыпта №10, №45 орта мектептердің 9, 10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: оқушыларға латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына терең мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында латын әліпбиін үйренудің жолдары мен латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады деп қойылған сұрақтарға оқушылар арасынан №45 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Дильназ Нұрланова өз сөзінде: жастарға латын әліпбиін меңгеруде қиындық тудырмайтыны, өйткені ағылшын тіліне жақын және заман ағымына қарай біз жастар да өз үлесімізді қосып толықтай құптаймыз деген пікірлерімен бөлісті.
Өз тілшіміз.