Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШТАБ БУРАБАЙ АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аймақтық Ақпараттық-ағартушылық штабымен бірлесіп Бурабай ауданы әкімінің аппаратында семинар-кеңес өткізді.

Кездесу барысында Департаменттің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық өзгерістер туралы айтып берді. Сондай-ақ, спикер 1424 Саll-орталығының  жұмысы және азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі туралы хабардар етті.

Облыстық Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, «Nur Otan» партиясының Бурабай аудандық филиалының басшысы Алмаз Алпысбаев сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке жол бермеу бойынша алдын алу іс-шараларын өткізудің маңыздылығы туралы сөз сөйледі.

«Өткен жылдың соңында құрылған Ақпараттық-ағартушылық штаб сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қоғамда парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізуге бағытталған. Бүгінгі таңда республикалық және өңірлік штабтар осы бағытта ауқымды жүйелі жұмыс жүргізуде. Біз азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту мақсатында облыстың барлық аудандарын қамтуға ниеттіміз», — деп атап өтті Алмаз Алпысбаев.

Сапар барысында штаб мүшелері Бурабай ауданының полиция бөлімінің жеке құрамымен семинар өткізді, онда қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мақсаттары мен құқықтық негіздері туралы айтты.

Сонымен қатар, Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінің қызметкерлері мен студенттерімен кездесу өткізілді, оның барысында Департамент пен штаб мүшелері қатысушыларды өз қызметінде адалдық, ашықтық, парасаттылық, әділдік көрсетуге шақырды.

Барлық кездесулерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бейнематериалдар көрсетілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button