Без рубрики

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР АУДАНДАРЫНА БАРДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аймақтық Ақпараттық-ағартушылық штабымен, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Ақмола филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мобильді топ мүшелерімен бірлесіп Аршалы және Қорғалжын аудандарының мемлекеттік қызметшілерімен, ауылдық округ әкімдерімен және полиция қызметкерлерімен көшпелі кездесулер өткізді.

Департамент алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыты рухани-адамгершілік құндылықтар мен қоғамдағы парасатты және адал мінез-құлық қағидаларын қалыптастыруға бағытталған алдын алу шараларын өткізу болып табылатынын атап өтті. Осы мақсатта Департамент жанынан өңірдің көрнекті қоғам қайраткерлерін, «Nur Otan» партиясының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, «Ақмола адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелерін және басқаларды қамтитын Ақпараттық-ағартушылық штаб құрылып жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Бақытжан Әмірханов мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының оларға бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігіне қатысты жаңалықтарды ескере отырып, республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы туралы айтып, 1424 Саll-орталығының жұмысы және азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі туралы хабардар етті.

Партияның облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, республикалық Ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Жабал Ерғалиев мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің, үкіметтік емес сектордың және азаматтардың күш-жігерін біріктірмей, сыбайлас жемқорлықты пәрменді жою мүмкін еместігі туралы айтты.

Спикерлер ретінде «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржанов, облыстық мәслихаттың хатшысы Әлібек Баймағамбетов, облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басқарма басшысы Әділбек Мұхамеджанов сөз сөйледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері Сандықтау және Зеренді аудандарына барып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» туралы түсініктеме берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button