Басты ақпаратБез рубрикиМәдениет

ОРНЫ БӨЛЕК АБЗАЛ ЖАНДАР

Құрметті әріптестерім! 

Сіздерді төл мерекелеріңіз — Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз ежелден жүрегі мейірімге толы, қолы шипалы ақ желеңді абзал жандарды құрметтеп, ерекше қастерлеген. Егеменді еліміздегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – халықтың денсаулығын жақсарту болып табылады. Сол үшін тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету бағытында барлық мүмкіндіктер жасалынуда. Өз кезегінде ақ желеңді абзал жандар мемлекет тарапынан жасалынып жатқан игі мүмкіндіктерге жоғары жауапкершілікпен, адалдықпен, жанқиярлық еңбекпен жауап беруде. Әсіресе дүниежүзілік пандемия жағдайында медицина қызметкерлерінің қоғамдағы орнының салмақтылығы анық байқалды. Олардың жоғары марапатқа, адамдардың ыстық ықыласына лайық екендіктерін өмірдің өзі дәлелдеп берді. Төтенше жағдай кезінде ақ желеңді абзал жандар үй көрмей, уақытпен санаспай еңбек етіп, жұқпалы індетке қарсы қарымды күрес жүргізді. Олар Гиппократ антына адал екендіктерін еселі еңбектерімен, мінсіз қызметтерімен дәлелдеді. Осындай сынға толы кезеңде мейірімді дәрігерлер мен медбикелер науқас адамдардың жанына жалау болып, үмітке үміт жалғап, жүректерінде сенімділікті оята білді. Сол үшін де біз Сіздерге бас иіп, шексіз алғыс айтамыз. Отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болып,қажырлы еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!

М. ЕГЕМБЕРДИЕВА,
аудандық орталық аурухананың бас дәрігері,
Іле аудандық мәслихатының депутаты

Басқа жаңалықтар

Back to top button