Іле ауданы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу өткізуге дайын
Аудан әкімі ҰБТ өтетін аудиториялардың дайындығын пысықтап шықты.
Әлемді жайлаған пандемияға байланысты, соңғы тоқсанды оқушылар онлайн режимде өткізді. Осы жағдайларға қарамастан 2019-2020 оқу жылы Іле ауданы бойынша мемлекеттік мектептерден 56205 оқушы, ал жекеменшік мектептердің 595 оқушысы аяқтады. Оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 70 пайызды құраса, академиялық үлгерім — 100 пайызды болды. Сонымен қатар, 46 мектепте 1693 түлек 11-сыныпты бітірді, оның 1230-ы қазақ тілінде, 463-і орыс тілінде оқиды (№ 46 орта мектепте, № 21 орта мектепте және №33 орта мектепте түлектер жоқ).
ҰБТ-ға қатысуға аудан бойынша 1359 түлек өтініш берді, бұл дегеніміз 80 пайызды құрайды.
Биылғы жылы ҰБТ 23 маусымнан 27 маусымға аралығында, Түймебаев ауылының № 206 орта мектебінің № 866 пунктінде өтеді. Қазіргі уақытта оған 14 аудитория дайындалып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.