Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратМерекелерЭнергетический ауылдық округі

«ЖАС ПОЛИЦИЯ» КАДЕТ СЫНЫБЫ – БОЛАШАҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ

Полиция деген кезде көз алдымызға арнайы форма киіп, ел тыныштығын күзеткен тәртіп сақшылары елестейтіні анық. Ел мүддесі үшін түн ұйқысын төрт бөліп, халық үшін қалтқысыз қызмет еткен азаматтар еліміздің ішкі-сыртқы дұшпандарымен күрес жолында өздерінің қырағылықтарын танытуда. 1992 жылғы 23 маусымда «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданып, 2007 жылы 5 маусым күні Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым — Полиция күні деп бекітілді. Қазақстан полициясы күні — осы жауапты қызметті жолға қоюдың басықасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Сонымен қатар, бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып та саналады.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің барлығы – білім, оқу мен тоқу арқылы жасалған. Білім алу сипаты алуан түрлі екенін ескерсек, заманауи білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті, жан-жақты маман дайындау. Ал бәсекеге қабілетті маманымыз жаһандану жетегіне еріп кетпей, өз Отанының патриоты болып өссе, нұр үстіне нұр емес пе? Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында отансүйгіштік әркімнің өзінің еліне, қаласына, ауылына деген сүйіспеншіліктен басталады», — дей келе, жас ұрпақтың өмірлік ұстанымдары берік болса, еліміздің болашағы жарқын болатынына сенім білдіріп: «Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды», — деген болатын. Осы орайда Өтеген батыр кентіндегі №7 орта мектепте 2017-2018 оқу жылы Республика бойынша тұңғыш рет «Жас полиция» орыс кадет сыныбы ашылды. Ал, 2018-2019 оқу жылында кадет сыныбын ашу үрдісі өз жалғасын тауып, қазақ «Жас полиция» кадет сыныбы ашылды. Кадет сыныбын ашудағы мақсат – ең алдымен жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу болса, сонымен қатар, мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алуға және өскелең ұрпаққа болашақ мамандығын таңдауға ықпал етеді.

Мектебіміздің кадеттері Елбасымыз бен еліміздің үмітін ақтап, болашақта өз елінің патриоттары болып өседі деген сенімдеміз. Біздің жас кадеттеріміз өздерінің міндеттерін жетік біліп, әскери тәртіпке бойұсынып, отаншылдық рухта тәлім-тәрбие мен білім алып өсуде. Болашақта ел іргесі мен тыныштығын күзеткен тәртіп сақшылары болуды армандап жүрген жас полицейлерімізді келе жатқан мерекелерімен құттықтай келе, Тәуелсіз қазақ елінің өр рухты азаматтары болуларына тілектестік білдіреміз.

Данияр КЕНДЖЕГУЛОВ,
№7 орта мектептің мұғалімі,
«Жас полиция» кадет сыныбының

Басқа жаңалықтар

Back to top button