ЖАҢА КҮШ, ЖАҢА СЕРПІН
«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының келісімімен, Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаевтың бұйрығымен Іле аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары болып Алмасбек Қожабекұлы Сатибаев тағайындалды.
Алмасбек Қожабекұлы Сатибаев 1972 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. ҚазССР Денсаулық сақтау Министрлігінің Республикалық медицина училищесін тәмәмдап, кейіннен «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық институтында білім алған. Ол 1991 жылдан бері Алматы қаласының Жетісу ауданында көп жылдар бойы экология саласында еңбек етті. 2014 жылы Алматы қаласындағы «Қоршаған ортаны қорғау және экологияны қорғау бөлімінің бастығы», 2018 жылы Алматы облысы Іле ауданы Междуреченск ауылы «Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, 2018 жылдан осы уақытқа дейін Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Жаңа тағайындаудан кейін «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев, аудан әкімі Бағдат Қарасаев, аудандық мәслихат хатшысы Роза Абилова, Алматы облысы мәслихатының депутаты Тоқан Ботабеков Жетіген ауылындағы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бойынша күрделі жөндеуден өтіп жатқан №11 орта мектептің құрылысымен танысты. 1969 жылдары салынған 960 орынды бұл мектептің қазір шатыры мен жылу жүйелері толықтай жаңартылмақ.
Сонымен қатар, Жетіген ауылының хал-ахуалымен танысқан қонақтар ауыл ортасында бюджеттен арнайы қаржы бөліп салынған воркаут спорт алаңдарын аралады. Қазір аудан көлемінде кәсіпкерлердің көмегімен дәл осындай салауатты өмір салтын насихаттайтын спорт алаңдары көптеп салынуда.
Жетіген ауылында дәл осындай спорттық ойын алаңдарын жиі кездестіруге болады.
Келген қонақтар воркаут алаңының салыну ерекшелігіне ризашылығын білдірді.