Денсаулық

ДЕРТ КӨП, ДЕНСАУЛЫҚ БІРЕУ

Әлемде COVID-19 ауруы 9 миллионнан астам адамға жұқты. Қайтыс болғандар 470 мыңнан асты. 4,5 миллионнан астам адам жазылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты «пандемия» деп жариялаған еді. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болған болатын. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде адамдар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін. Алғашында вирус 48 елге жетсе, қазіргі уақытта аурудың 82 мыңға жуық жағдайы расталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесіне қарасақ, вирус Қытайға қарағанда басқа елдер- де тез таралады деген еді. Расымен де бұл вирус елімізде жылдам таралғандықтан Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 19 наурыздан 11 мамырға дейін төтенше жағдай орын алып, барлық аудан, ауыл, қалалар жабылған еді. Бүгінгі таңда бұл вирус қайта күшеюде. Олай дейтін себебіміз, Нұрсұлтан қаласы мен Алматы, Түркістан қалаларында бұл індетпен ауырған адамдар саны артуда. «Қазіргі жағдайда коронавируспен қатар ОРВИ және пневмания аурулары көптеп байқалуда», — дейді дәрігерлер. Қазір ауруханаларда орын жоқ, аптекада дәрі жоқ, ыстық өлшеуге градусник жоқ, вирус бар-жоғын тексеруге ПТР тест те жоқ деп сабылған жұрт. Бұл жағдайды естігеннен кейін өзі бар бірдеңе қалды ма деген ойда қаласың. Республика көлемінде қазіргі күні қырық екі мыңнан астам адамнан COVID-19 вирусы табылған. Сондықтан да барша қазақстандықтарға бейқам болмай, аурудың алдын алу үшін жақындарыңызға жанашыр болып, мейлінше оқшаулануға шақырамыз. Деректерге келер болсақ, COVID-19 — адамзат тарихындағы он сегізінші пандемия болып есептеледі екен. Бүгінде одан бөлек екі пандемия бар. 1981 жылдан бері ЖИТС пандемиясының салдарынан вирусты 60 миллионнан астам адам жұқтырды. Екінші пандемия — тырысқақтың жетінші пандемиясы. Яғни, бұлар — әлі тоқта- маған пандемиялар. Ең алғашқы пандемия «Юстиниан обасы» ХІ-ХІІ ғасырларда болып, 100 миллион адамның өмірін жалмаса, XIV ғасырдың ортасында «қара өлім» деп аталған оба Қытайда басталып, Еуропаға жетеді де, 34 миллион адам қайтыс болады. 1346-1353 жылдары Еуропа халқының 30-60 пайызын жойып жіберген тарихтағы екінші оба пандемиясы. Болжам бойынша, індет Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан басталып, Еуропа мен Солтүстік Африкаға тараған. «Қара өлім» тіркесінің ауру белгілеріне қатысы жоқ. Алайда обаның бұл түрін жұқтырып, қайтыс болған адамдардың денесі қарайып кететін болған екен. XIX ғасырда Бенгалиядан бастап осы күнге дейін тырысқақтың (холераның) 7 пандемиясы тіркелді.

Тырысқақ пандемиясының алтыншысы тарап жатқанда, 20 ғасырдың басында, 1918-1919 жылдары испан тұмауының пандемиясы дүниежүзіне тарады. 550 миллион адам жұқтырып, сол кездегі әлем халқының 20 пайызы ауырды. Кейбір дерек бойынша 50-100 миллион адам қайтыс болды. Тағы ескеретін жайт, испан тұмауы кезінде Екінші дүниежүзілік соғыс болды және бұл тұмаудан, көбіне, 20-40 жастағы адамдар қайтыс бол- ды. Ал, қазіргі COVID-19 көбіне егде жастағы адамдарға аса қауіпті болып тұр. 21 ғасырдың басында 2009-2010 жылдары «құс тұмауы» деген атаумен танымал H1N1 вирусының пандемиясы болды. Бұл вирус әдеттегідей Оңтүстік Азиядан емес, Оңтүстік Америка құрлығындағы Мексикадан басталып, әлемге тарады. 220 мың адам жұқтырып, 2 мыңға жуық адам қайтыс болды. Қазір әлемде COVID-19 вирусының пандемиясынан бөлек екі пандемия бар. ЖИТС пандемиясы жә- не тырысқақтың жетінші пандемиясы. Яғни бұлар әлі тоқтамаған пандемиялар деуге толық негіз бар. Коронавирус жағдайлары Алматы облысының барлық өңірлерінде бар, бірақ жұқтыру ең көп тіркелген елді мекендердің ішінде Іле ауданы да бар. Аудандағы коронавирус жағдайы жайында орталық ауру-
хананың бас дәрігері Б. Әбеуовадан сұраған едік: «2020 жылдың 24 маусымында ауданда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 170-ке жеткен еді. Оның ішінде 83 жағдай коронавирусты жұқпаның клиникалық белгілері болса, қалған 87 жағдай клиникалық белгілері жоқ вирус тасымалдаушылар арасында тіркелді. ҚР бас санитариялық дәрігерінің №37 Қаулысы бойынша клиникалық белгілері жоқ науқастардың саны көбейгендіктен барлық науқастар үй жағдайында қалдырылуда. Аудан бойынша тіркелген жұқпа ошақтарында толықтай эпидемияға қарсы шаралар, қорытынды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Жақын қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық тексеру және жүргізілген талдау барысында коронавирус жұқтыру бел-гілері сақтық шаралары сақталмаған отбасылар, өндірістік кәсіп орындарының қызметкерлері мен еңбек ұжымдарында (мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, кеңселерде және т.б.) болғаны анықталды. Сонымен қатар, қазіргі таңда ЖРВЖ, тұмау, пневмониямен сырқаттанған науқастардың саны да артуда, бүгінгі күнде 118 пневмониямен сырқаттану жағдайы тіркелген, барлығы орталық ауруха- на базасында құрылған провизорлық стационарға жатқызылған. Коронавирустық инфекциясының эпидемиялық жағдайының күрделенуінің себебі аудан бойынша тұрғындардың қоғамдық орындарға жиі баруы, дүкендерде, қоғамдық көліктерде бетперде тақпауы, 2,0 метр әлеуметтік арақашықтықтың сақтал- мауы, қоғамдық орындарға баруы, көп адам шақырылатын отбасылық іс-шаралар өткі- зу сияқты алдын алу шараларын сақтамау болып табылады». Тарихтағы пандемия деректеріне қарайтын болсақ, адам денсаулығымен байланысты пандемиялар бірнеше жылға дейін созылғандығын көруге болады. Қазіргі жағдайды реттеудің бірнеше жолы бар дейді ғалымдар. Қазақстан Республикасында коронавирусты жұқпаның эпидемиологиялық ахуалының күрделенуі, күн сайын мыңдаған адамның жұқпаны жұқтыруы бұл сырқаттың қауіпті аурулардың қатарынан екенін сөзсіз білдіреді. Өз денсаулығымыз — өзіміздің қолы- мызда, күнделікті қарапайым сақтық шараларын сақтау арқылы өзімізді, отбасымызды коронавирусты жұқпадан аман сақтаймыз!!!

Қалай болғанда да қазір әр мемлекет өз ішінен оқшауланып, күресіп жатыр. Абай болайық, «сақтансаң — сақтаймын» деген аталы сөзді естен шығармайық.

Н.САБАҚАНОВА.
Деректер: tengrinews.kz. сайтынан
алынды

Басқа жаңалықтар

Back to top button