АЩЫБҰЛАҚ: АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ
Ащыбұлақ ауылдық округі ауданымыздағы іргелі округтердің бірі. Түрлі этностардан тұратын бұл округ бұрыннан-ақ, халықтың ұйымшылдығымен, ұлттардың тату-тәтті ынтымақтастығымен, берік бірлігімен ерекшеленетін. Кезінде Социалистік Еңбек Ері, халық депутаты Мұхаметжан Түймебаев басқарған «Алматы» жүзім совхозының орталығына орналасқан Ащыбұлақ ауылдық Кеңесінің заңды мұрагері болып табылатын бұл округ бүгінде бірнеше елдімекенді біріктіріп қанатын кеңге жайып, көркейіп, көріктеніп, дәулеті мен сәулеті жарасқан өлкенің бірінен саналады. Округ тұрғындары заман ағымы, уақыт тынысымен үндесіп, еліміздегі жаңашылдықпен бітесе қайнасып, көш керуенге ілесуде. Мұның айқын дәлелі республикамызда алғашқылардың бірі болып дәл осы жерде ауылдық қоғамдық кеңестің құрылуынан байқауға болады. Ащыбұлақ ауылдық округі қоғамдық кеңес мүшелері Елордамызға барып, өздерінің пилоттық жобасын қорғап, тыңнан сүрең салған болатын. Осы округтегі қоғамдық кеңестің жұмысы үлгі ретінде Қазақстанның барлық жерінде кеңінен насихатталды.
Жалпы халқының саны 31 мыңнан асатын, М. Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар, Төле би сияқты төрт елді мекеннен, 48 саяжайдан тұратын Ащыбұлақ ауылдық округін ұйымдастырушылық қабілеті зор, тәжірибелі әрі білікті басшы Мұхит Бақытұлы Кәрібаев басқарады.
ЕСЕЛІ ЕҢБЕК БОЛСА, ЖАҒДАЙ ДА ЖАҚСАРАДЫ
Жиырмаға жуық ұлт өкілдері тұратын Ащыбұлақ ауылдық округі халқының әлеуметтік жағдайы, тыныс-тіршілігі заман талабына сай деп айтсам қателеспейтін шығармын. Бұрынғы Кеңес уақытындағыдай емес, тұрғындар өздігінен өмір сүруге, кәсібін ашып, табыс табуға әбден дағдыланды. Сондықтан болар бізде ауылшаруашылығымен қатар өнеркәсіп те дамыған. Бұрын жеміс-жидек өсіруге маманданған тұрғындар бүгінде ауылшаруашылығының барлық дақылдарын өсіреді. Округте бүгінгі күнде 79 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Соның ішінде Н. Н. Бандюков басқаратын «Бандюков» және «Әле Монтай» жеке шаруа қожалықтары көкөніс өсіреді. Осы екі шаруашылық жылыжайда озық технология – тамшылатып суғару әдісін пайдалана отырып қызғанақ және қияр өсіріп, ауыл тұрғындарын арзан бағадағы көкөніспен қамтамасыз етіп отыр. Ал, Бақтияр Бизақұлы Кәкішев басшылық ететін «Гаухар» шаруа қожалығы 2,5 гектар жерге асыл тұқымды алма ағашын отырғызып, 15 тонна өнім жинауда.
Сол сияқты «Семеречье групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 18 гектарға, «Свято Сергиевский приход» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 5 гектарға жоғарғы сұрыпты алма бақ егіп, тамшылатып суғару әдісін қолданып жүр. «Тілеулес» шаруа қожалығы 60 гектарға, «Алғабас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 50 гектар жерге жоңышқа егіп, оны сарқынды сумен суғарып, жап-жақсы өнім өсіруде.
Тағы бір айта кетерлік жайт, шаруа қожалықтары картоп, күздік бидай, жаздық арпа, көкөніс, дәнге арналған жүгері, сүрлемдік жүгері, көп жылдық шөп, жоңышқа, еркек шөп отырғызып, жақсы өнім алуда. Бүгінде тұрғындар қысқа жететін жем-шөпті толықтай әзірлеп алды. Өкінішке орай, бізде соңғы жылдары суармалы жерлер азайып кетті.
Сондықтан, суармалы жерлерді көбейту үшін, арық жүйелерін қайта қалыпқа келтіріп, тамшылатып суғару әдісін қолдану бағытында жұмыс жасалып жатыр. Арық жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары бойынша аудандық Илииригация мекемесімен бірге «Машхуз» каналынан 9 шақырым ұзындықта арықтар тазаланып, 15 шаруа қожалығы сумен қамтамасыз етілді.
Мал шаруашылығына келетін болсақ, ауылдық округ бойынша бүгінгі күнде 5029 бас ірі қара, 8638 бас ұсақ мал, 430 бас жылқы, 137 бас түйе, 158 бас шошқа өсіріледі. 2020 жылы тұрғындардың малын жазғы жайылымға шығару үшін, округтегі 4 ауылдан 4 табын жасақталып, ағымдағы жылдың 25-наурыз күні үш жақты келісім шарт жасалынды. Мал иелері және бақташылар келісім шартпен танысып, 1 — сәуірден бастап табындар жайылымға шығарылды.
Округте тек ауыл шаруашылы-ғымен шектеліп қалмай, өндіріс те кеңінен дамуда. Бұрын Алматы шарап зауыты ғана болса, ал қазір 120 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істеп, бұл кәсіпорындар 2020 жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша 3 млрд 112 млн теңге көлемінде өнім шығарды. Атап айтқанда, сыра шығаратын «Первый Пивзавод» зауыты, үй салуға қажетті шыдамды әрі берік жылу блоктарын өндіретін «ВТК GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, алюминий жабындыларын шығаратын «Aluminium of Kazakhstan», дәрі-дәрмек өндіретін «Абди Ибрахим Глобал Фарм» дайын өнімдерді сақтап, ел аумағына және шетелге тасымалдаумен айналысатын «Фрилайн дистрьбюшн» және «Премиум Логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері округтің экономикасын арттыруға сүбелі үлес қосып келеді. Өйткені, осы кәсіпорындардың бірқатары инвестиция салып, тек округтің ғана емес, жалпы ауданның, тіптен облыстың экономикасын дамытты. Мәселен, 2020 жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша округке тартылған инвестицияның жалпы көлемі 1 млрд 351 млн 528 мың теңгені құрады. Соның ішінде сыра өнімдерін шығаратын «Первый Пивзавод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 704 млн 227 мың теңге, дәрі-дәрмек өндірумен айналысатын «Абди Ибрахим Глобал Фарм» кәсіпорны 110 млн 566 мың теңге, тауық етін өндіретін «Алель Агро» тауық еті акционерлік қоғамы 118 млн 072 мың теңге, «Газ Пром Нефть Қазақстан» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі 107 мың теңге, бұранда шығаратын «Алматы Метизный зауыты» 1 млн 389 мың теңге, «VOLVO GROUP KAZAHSTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 7 млн 119 мың теңге, «Первомайские пруды» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 202 млн 472 мың тенге, «Интер-Холод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 214 мың теңге, алюминий жабындыларын өндіретін «Aluminium of Kazakhstan» 10 млн 324 мың теңге, «КАРАВАН БЕВЕРЕДЖ ГРУП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 млн 934 мың теңге инвестиция тартты.
Өзінің жеке кәсібін дөңгелетіп, қосымша жұмыс орнын ашып, бюджетке салық төлеп жатқан кәсіпкерлер де округте көптеп кездеседі. Анықтап айтсақ, округте 94 дүкен, 6 мейрамхана, 2 әмбебап сауда орындары, 1 шағын маркет, 3 қонақ үй, 2 тойхана, 4 кафе, 5 асхана, 11 шаштараз, 9 дәріхана, 4 жеке тіс емдеу орны, 7 жанармай құю бекеті, 2 шағын базар, 4 киім тігетін ателье, 2 нотариалдық қызмет көрсету орны, 7 техникалық жөндеу орталығы жұмыс істейді, 11 көлік жуу, 10 дөңгелек жөндеу орталығы жұмыс атқаруда. Округ тұрғындарына 7 монша қызмет көрсетеді. Шағын кәсіпкерлік саласында округ бойынша 1573 адам жұмыс істейді.
Округ аумағында орналасқан дүкендер 1000 адамға шаққанда бекітілген мөлшер бойынша – 96, қоғамдық тамақтандыру орны – 50, тұрмыстық қызмет көрсету орындары – 49 пайызға, монша – 75 пайызға қамтылған.
«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша Көкқайнар ауылындағы №29 орта мектептің дәретханасын жөндеу жұмысын «Стройсервис-97» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп, толығымен аяқтады. Сонымен қатар қазіргі таңда жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл үшін 147 806 000 теңге қаражат тендерге қойылған болатын. Тендерлік байқауда «Hadid» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алып, Мұқанов, Төле би, 50 лет Победы көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Атаулы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған және одан өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана тағайындалуы тиіс. Атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама енгізіледі. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақ, гигиеналық құралдармен және оқушы балаларға мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бүгінгі күнге дейін округ бойынша 230 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Округімізде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстары жоспарлы түрде іске асырылуда.
2020 жылдың І жартыжылдығында 47 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Олар ауылдарды көгалдандыру, жол, шаруашылық кітаптарды толтыру, әскери шақырту қағаздарын тарату, ғимараттарды жөндеу, сырлау, тазалық жұмыстарына, мүгедек және жалғызбасты адамдарға көмектесу сияқты жұмыстарға жіберілді.
Округ аумағындағы жергілікті қоғамдастық және ардагерлер, аналар кеңесі бірлесіп көптеген жұмыстар атқарып жүр. Аталған қоғамдық кеңестер округтегі түрлі саяси-мәдени, рухани, тәрбие бағытындағы шаралардың жоғары деңгейде өтуіне белсене араласады. Жергілікті қоғамдық кеңестің мүшелері мен еріктілер округтегі кәсіпкерлердің көмегімен төтенше жағдай кезінде «Біз біргеміз» акциясы аясында ардагерлер мен жалғызбасты қарттарға, мүгедектерге, көпбалалы аналарға – жалпы 1746 отбасына азық-түлікпен қайырымдылық көрсетті.
Округ аумағында 8 мектепте 2019-2020 оқу жылында 1-11 сынып аралығында 11436 оқушы оқыды. 2019-2020 оқу жылында округ аумағында орналасқан орта мектептерді бітірген 271 түлектен 250 оқушы Біріңғай Ұлттық тестілеуге қатысты. Округ бойынша барлығы 274 аттестат табыс етілді, оның ішінде 39 түлек «Алтын белгі», 13 бала «Үздік аттестат» иегері атанды.
Жәпек батыр ауылы, жаңа құрылыс елдімекеніндегі 900 орындық мектептің құрылысына 2 млрд 75 млн бөлініп, мектепті 2021 жылдың тамызына дейін аяқтап, 1-қыркүйекте пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бас мердігер – «КапСтрой групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Сонымен қатар, №19 орта мектепте 300 орынға арналған жапсаржайдың құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталады деп күтілуде.
Мемлекетімізде халық саны көп қалаларда, облыстарда мектептердегі бала санының сыйымдылығын төмендету және мектептерге оқушыларды тасмалдауды болдырмау мақсатында, инвесторлардың есебінен жекеменшік мектеп құрлыстарын салу қолға алынып, іске асырылуда. Округ бойынша 1 мемлекеттік, 30 жекеменшік балабақша жұмыс істейді.
Денсаулық саласы бойынша М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория, Төле би ауылындағы фельдшерлік пункт тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетеді. Округ бойынша дәрігерлік амбулаторияларда тіркеуде тұрған 38 мың 089 тұрғынға, 23 дәрігер, 81 кіші медциналық қызметкерлер қызмет көрсетеді.
М. Түймебаев ауылындағы бұрынғы ескі амбулатория ғимаратының орнына күніне 100 адам қабылдайтын жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы салынып, өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.
Округ аумағында 9678 жас бар. Округ жастарына әкімдік тарапынан үнемі жағдайлар жасалып отырады. Округ жастарын өнерге, мәдениетке, салауатты өмір салтына баулыйтын спорттық үйірмелер жұмыс істеп, мерекелік және атаулы күндерде округ, аудан көлеміндегі іс-шараларға қатысады. Округ аумағында мерекелік іс-шаралардың барлығында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.
Жалпы алғанда округ тұрғындарының бірлесе, ынтымақты еңбек етуінің арқасында ауылшарушылығы мен өнеркәсіп саласы қатар дамып, халықтың әлеуметтік жағдайы мен әлеуетін көтеріп, денсаулығын нығайтуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Мектеп оқушыларына сапалы білім, саналы тәрбие беріліп, олардың ой-өрісінің жоғары болуына барлық жағдай жасалынуда. «Адамды адам еткен – еңбек» демекші, барлық нәрсе еңбекке байланысты, ерінбей еңбек етіп, ынталы болсаң жағдайың да жақсы болады емес пе?!…
М. КӘРІБАЕВ,
Ащыбұлақ округінің әкімі
МАЗМҰНДЫ ДЕМАЛЫС, ҚЫЗЫҚТЫ ЖАРЫС
Мәдениет саласының өрісі мен ауқымы қашанда кең болып қала бермек. Елдің рухани дамуы мен кемелденуіне өзіндік үлес қосып келе жатқан салаға лайықты түрде назар аудару мемлекетіміздің ең маңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Ащыбұлақ округінде тұрғындардың демалыс уақытын тиімді әрі қызықты өткізуге барлық мүмкіндік жасалған. Мұнда мемлекеттік мерекелерге арналған көптеген іс-шаралар өз деңгейінде өткізіліп отырады. Атап айтқанда, 2020 жылдың 13 наурызы күні Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты ардагерлер мен ардагер ұйымдарының фестивалі өтті. Фестивальда тыл және еңбек ардагерлеріне үлкен құрмет көрсетіліп, олардың өмір жолы, атқарған еңбегі кеңінен насихатталды.
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығы мерекесіне орай округ аумағындағы тыл ардагерлеріне мерейтойлық 45 медаль тапсырылды.
Мұнда бұрыннан соғыс ардагерлеріне есерткіш орнатылған еді. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңында ескерткіш тақта қайта жөндеуден өтіп, ерлікпен қаза тапқан 257 жауынгердің есімі мәрмәр тасқа ойылып жазылған болатын. Биыл осы ескерткіш маңы тазаланып, абаттандырылды.
Кітап – адамның рухани байлығы десек, округтегі кітапхана оқырмандарға сапалы қызмет көрсетеді. Кітапхананың кітап қоры 8003 дананы құрайды. Оқырмандар саны – 1338. Кітапханада оқырман қауымды жаңа түскен әдебиеттермен таныстыру, оқуға қызығушылығын арттыру, әрбір адаммен жеке жұмыстар жасау, туған жер, отан, өлкетану, дін және діни ұғымдар, қоршаған ортаны қорғауды, тарих, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді білу, оны құрметтеуді насихаттау мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.
Жастарды спортқа баулу, олардың денсаулығын шынықтыру да назардан тыс қалған жоқ. Осы мақсатта «Рухани жаңғыру»: мақаласы аясында ағымдағы жылдың 12-қаңтарында Жәпек батыр ауылы, Үлкен Алматы өзені маңындағы, Бидай алқабында көкпар ойыны өтті. Ойынға еліміздің түкпір-түкпірінен ойыншыларымыз қатысты. Ақпан айында «Бұлақ көрсең көзін аш, сусыныңды қандырар» тақырыбында Қазақ күресінен жарыс болды. Командалық есепте жүлделі І орынды №44 орта мектептің командасы иеленді. № 20 орта мектептің спорт залында Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына арналған жасөспірім ұлдар арасында дзюдо күресінен жарыс өткізілді. 1-наурыз алғыс айту күні мерекесіне орай №36 орта мектептің спорт залында волейболдан әйелдер арасында аймақтық жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 9 команда қатысып жүлделі І орынды №44 орта мектебінің командасы иеленді. Сонымен қатар №43 орта мектептің спорт залында Грек-рим күресінен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Іле ауданының ашық біріншілігі болды. Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Джиу-джитсудан, Қазақ күресінен, Еркін күрестен және де спорттың басқа да түрлерінен онлайн жаттығулар өткізілуде.
Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастырады демекші, салауатты өмір салтын насихаттап және оны ұстанып, ауыл тұрғындарының бұқаралық спорт түрлерімен айналысулары үшін округ аумағында спорттық көпшілік іс-шаралар жеке жоспар бойынша жүзеге асырылуда.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Бүкіл әлем халқын тізе бүктірген жұқпалы дерт – коронавирустың елімізде кеңінен таралмауы үшін 16 наурызда төтенше жағдай жарияланғандығы баршамызға аян. Осы ел басына сынақ түскен сындарлы күні Ащыбұлақ округінің халқы үлкен ұйымшылдық көрсетіп, көмекке зәру жандарды қорғап, қолдай алды. Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында округ аумағында 3 мобильдік топ құрылды. Мобильдік топ бригадалары 151 орынға барып, өз көмектерін көрсетуде. Мұның сыртында осы аймаққа шоғырланған кәсіпорындар басшылары тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік және күнделікті қажетті тауарларды жеткізіп беріп отырды.
Бұл игілікті, қайырымды іске «Первый Пивзавод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Владимир Оралханұлы Айдарбеков, «Үміт» медицина орталығының жетекшісі Руслан Лалаев, «Люкс қағаз» фирмасының бастығы Расул Юлдашев, Күрд диаспорасының өкілі Агит Ибрагимов, «Супер цена» дүкенінің иесі Күлзия Рұқымбаева, «Ақжол» саяжайынан Рая Еркінбаева,
«Жомарт» саяжайынан Әбдірахман Смаилов үлкен белсенділікпен қатысып, жұрттың ықыласы мен ризашылығына бөленді.
Округтің кәсіпкерлері Шолпан Қағазбаева мен Рүстем Бақтыбаев бетперде тігіп, оны халыққа таратып берді. Төтенше жағдай кезінде округ бойынша халыққа жалпы саны 3000 дана тегін таратылды.
Сынақты кезеңде індетті болдырмау үшін округтің барлық елдімекендеріндегі халық көп жүретін көшелер, дәрігерлік амбулатория мекемелері, «Қазпочта» бөлімшелері, балалар ойын алаңдары, стадион залалсыздандырды. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табуда. Жалпы, осы аймақта залалсыздандыру жұмысына 2 техника, 8 маман жұмылдырылды.
Карантин аяқталса да округте сақтық шаралары жалғасын табуда. Адамдардың топталып жиналуына,отбасылық шараларды, жиын-тойды өткізуге тиым салынып, жағдай бақылауға алынды. «Сақтансаң, сақтайды», – деп қазақ бекер айтпаған ғой.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Ащыбұлақ ауылдық округінде инфрақұрылымды дамытуға айрықша көңіл бөлініп отыр. Себебі халықтың тұрмысы жақсарған сайын, олардың қолайлылық пен жайлылықты қалайтындығы сөзсіз. Аялдамаға жеткенде, қоғамдық көлікке мінгенде, бала-бақшаға немесе мектепке барар жолда, көшенің тазалығына назар аударып, өз ауылының қаншалықты жайлы, қауіпсіз екеніне көз жеткізеді. Сондықтан да округ басшылығы ауылды абаттандыру, елдімекендерде қауіпсіз орта қалыптастыру мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Мұнда 2020 жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша санитарлық тазалауға 2 млн 900 мың теңге бөлінді. Наурыз, сәуір айларында барлық елдімекендер тазартылып, көшелерге ағаш егіліп, гүлзарлар жаңартылды. Округ әкімінің қолдауы және көмегімен әрбір тұрғын өзінің үйінің алдын, соған жақын көшені тазартып, көріктендірді. Үйлердің дуалдарын ретке келтірді. Елдімекендерді қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарымен округте құрылған «Абылай» жеке кәсіпкерлігі мекемесі М.Түймебаев, Көкқайнар ауылдарының, «Бел Асар» жеке кәсіпкерлігі мекемесі Жәпек батыр, Төле би ауылдарының көшелерінен әр апта сайын қатты тұрмыстық қалдықтарды жинап, арнайы орындарға шығарып отырады
Ауыл округтеріндегі жарықтандыру мәселесі оң шешімін тауып отыр. Жаңа бағаналар орнатылып, көше бойы жарықтандырылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін жаңа трансформаторлар орнатылды. Жарық құрылымдарын тазалау, сырлау, жарықтандыру, жөндеу жұмыстары жалғасуда. Ауылдық округ әкімдігінің негізгі міндеттерінің бірі бағандар мен ескірген жарықтандыру қондырғыларының негізгі жабдықтарын қалпына келтіру және ауыстыру, сол арқылы тұрғындарды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету болса, бұл бағытта округ бойынша 10380 метр ескірген электр желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жәпек батыр ауылы Қ.Алтаев, Ә. Шубаев көшеселерінде жаңа трансформатор орнату және тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру және СиП электр сымын тарту жұмыстары жүргізілді. М.Түймебаев ауылы Набережная, Ш. Қалдаяқов көшелерінде тозығы жеткен электр бағаналары мен 1800 метр электр желісі ауыстырылып бүгінгі күні СиП электр сымын жүргізу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар Көкқайнар ауылы Қызылқұм, Қарақұм, Строительная, Абай, О.Жандосов, М. Әуезов, Цветочная, көшелерінің ескірген электр желісін ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда жоғарыда аталған округ көшелеріне СиП электр сымын тарту және жаңа транформатор қою жұмыстары қолға алынбақ.
Округ бойынша 532 түңгі жарық бағаналары орнатылған. 2020 жылға бюджеттен 3 млн 240 мың теңге көшені жарықтандыруға қаражат бөлініп, «Электро Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінгі күні ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар ағымдағы жылы М.Түймебаев ауылы, Тәуелсіздік көшесіндегі 1000 метр, Жәпек батыр ауылы, Абай көшесіндегі 500 метр, Жамбыл көшесіндегі 900 метр жерге түнгі жарықтандыру жұмыстары жүрізілуде.
Ауылды жер үшін жол инфрақұрылымының сапасы жайлы орта құрудағы аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Сол себептен, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімдігі жол мәселесін де назардан тас қалдырмады. 2020 жылдың жарты жылдық қортындысы бойынша округ көшелеріндегі жолға қаржы бөлініп орташа жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды. Атап айтқанда М. Түймебаев ауылында Төле би көшесінің 600 метр, Жеңістің — 50 жылдығы көшесінің 2500 метр, С. Мұқанов көшесінің 1800 метр, Көкқайнар ауылы Строительная көшесінің 750 метр жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті елдімекен үшін көлік қатынасының да маңызы зор. Өйткені, көпшілік тұрғындар Аламаты қаласына немесе аудан орталығына қатынап жұмыс істейді. Осы мақсатта елдімекен тұрғындарын Алматы
қаласына 3 маршрутта 30 автобус тасымалдайды. №412 маршруты бойынша «Жер-Ана» ББСК — «Адем» сауда үйі аралығында тұрғындарды 8 автобус тасымалдайды, №422 маршрутында Көкқайнар ауылы — 1-ші Темір жол вокзалы аралығында тұрғындарды 10 автобус тасымалдайды, «Жедел» автобус паркі қызмет көрсетеді. Сонымен қатар №405 маршруты Жәпек батыр ауылы — Алматы қаласы Саяхат автобекеті аралығында тұрғындарды 12 автобус тасымалдайды, «Досчан-М» автобус паркі қызмет көрсетеді.
БЕЛСЕНДІЛЕР АЛҒЫ ШЕПТЕ
Елімізде төтенше жағдай жарияланған сынақты кезеңде Ащыбұлақ ауылдық округі жергілікті қоғамдастық кеңес мүшелері өз үйлерінде жайбарақат отыра алмады. Олареріктілермен бірігіп жерлестеріне қолдау мен нақты көмек көрсетті. Атап айтқанда,округтің қауымдастық кеңесінің төрағасы Рүстем Бақтыбаев бас болып, М. Түймебаев, Жәпек батыр, Төле би, Көкқайнар елді мекендеріндегі қауымдастық кеңес төрағалары Сансызбай Бекмұратов, Тайыр Маханов, Балқия Сарыбекова, Ханбаба Мамедов тұрғындарды сабырға шақырып, оларға ақыл-кеңес айтып, сақтық шараларының қатаң сақталуына бақылау жасады. Сонымен бірге кәсіпкерлердің көмегі арқылы өз ауылдарындағы тұрмысы төмен отбасыларына, еңбек ардагерлеріне, жалғыз басты қарттар мен аналарға азық-түлік себеттерін апарып, нақты жәрдем көрсетті.
Осылайша ауыл белсенділері қиын-қыстау кезде алғы шептен көріне алды.
Материалдарды дайындаған
Р. АЙДАРБЕКОВА