Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғамРуханият

ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТКІЗІЛГЕН МЕРЕКЕ

Өтеген батыр кентіндегі №7 орта мектепте «5-қыркүйек – ҚР халқы Тілдері күні» мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тілі бірдің – тілегі бір» атты тіл айлығы өткізіліп жатыр. Шара барысында пән мұғалімдері тіл туралы толғаныстарын айтып бейне-ролик түсірді. Ақынжанды кей ұстазымыз ана тілі туралы ішкі тебіренісін өлең жолдарымен жеткізді. Сондай-ақ, іс-шара аясында оқушылар да өзіндік үлестерін қосып, қазақ халқының асыл тұлғаларының тіл туралы айтқан даналық сөздерін жаттап, тіл туралы ақындардың өлең-жырларын жатқа оқып, тамылжыта ән шырқады. Ал, Ержанов Алмат, Оспанова Айгүл, Кадирбаева Алманың ұйымдастыруымен «Тіл, тарихым — қос қанаты халқымның» атты жас ақындар мүшәрасы өтті. Жыр байқауында  мектебіміздің талапты жастары жүрекжарды өлең-жырларын оқыды. Соның ішінде, 6 «А» жас өрт сөндіруші» сыныбының оқушылары Ануарбек Диар мен Тұрғанжанұлы Шыңғыс, 6 «Б» сыныбының оқушылары Қиясбек Инабат пен Абдикадирова Жасмина жақсы көрсеткішге жетіп, жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ, Султанбекова Шынар мұғалімдер мен оқушылардың арасында эссе байқауын өткізді.

Жалпы, тіл мерекесін тойлау қашан қолға алынды? — деген сұраққа жауап берсек, 1998 жылдың 20 қаңтарында елімізде Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. Одан кейін 2017 жылы бұл заңға өзгерту енгізіліп, сол жылдан бастап тілдер мерекесі 5-қыркүйек күні Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде тіл мерекесін атап өту керектігі, елімізді мекендеген ұлттардың тілі мен мәдениетін дамытуға, мемлекеттік тіл туралы білімдерін нығайтуға зор ықпал етті.

 

А. Ержанов,

№7 орта мектептің мұғалімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button