Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

ТІРЕГІМ МЕНІҢ

Тіл – ұлттың рухы, қазынасы, байлығы, айнасы, атадан балаға қалған баға жетпес, қадір тұтып, сақтайтын асыл мұрасы, басты құндылығы.

Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Ана тілі –қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы. Онда дәм де, мән де болуы керек» деген. Олай болса, әр ұлт өз ана тілінің мәртебесін асқақтатып, мән-мағынасын сезініп, оның түп тарихы тамырын сақтай отырып, дамытуы керек. Биылғы жаңа оқу жылында мектебімізде «Қазақстан халқы Тілдері күні» мерекесіне орай 5.09 – 22.09.2020 күндері аралығында қашықтықтан «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» тақырыбында Тілдер айлығы аталып өтті. Тілдер айлығының ашылуын қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі ұйымдастырды.

Көркем еңбек пәнінің мұғалім Р. Калиева «Тіл – ұлттар достығы» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында сурет көрмесін ұйымдастырса, барлық сыныптарда «Мәңгілік ел, мәртебелі тіл» тақырыбында  тәрбие сағаттары өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т. Жетильбаеваның ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру, оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту» мақсатында

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы шығарма байқауы өткізілді. «Осень в поэзии» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С. Бикебаева видеосайыс ұйымдастырды. Сайысқа қатысушы оқушылар жаттаған өлең шумақтарын бар ынтасымен, мәнерлеп, талапқа сай көркем айта білді. Оқушылардың видео арқылы жолдаған өлеңдері  мұғалімдер арасында 1-5 аралығындағы ұпай санымен бағаланып, анықталды. 3 «А» сынып  оқушылары  Жаксылык Мариям, Ныгмолда Елхан 4 «А» сынып оқушысы Тажен Медина, 1 «А» сынып оқушысы Муратбек Аружан, мектепалды даярлық тобының оқушысы Рыхман Іңкәр сайыста жүлделі оырнға ие болды. Қыркүйек айының ортасында бастауыш мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ф. Мекебаеваның ұйымдастыруымен қашықтықтан Classroom платформасы арқылы «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы-ой» тақырыбында зерделенген ойын өткізілді. Білімділігі мен біліктілігін сынап ойын жеңімпазы атанған оқушылар: 8 сынып оқушысы Оразбай Айдана мен 7 сынып оқушысы Кенесары Раушан. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Құрбанның ұйымдастыруымен «Трехъязычие – необходимость для наших детей» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы дөңгелек үстел өткізсе, ағылшын тілі пәні мұғалімдері бірлестігінің ұйымдастыруымен «Путешествие в англо-говорящие страны» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы  сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Тіл айлығында жоспарланған іс-шараларға сынып жетекшілер мен ұстаздар, мектебіміздің оқушылары белсене қатысып, шығармашылығын, білімдерін, өз өнерлерін көрсетті.

 

Ф. МЕКЕБАЕВА, №23 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button